А, The ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІ МЕН ӨЗІНДІК ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ

Авторлар

  • Қозыкеева Райхан Абильдаевна Ж.А. Тәшенов атындағы университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ. https://orcid.org/0000-0002-5409-3754
  • Алпамысова Гулжайна Байгонысовна М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ. https://orcid.org/0000-0002-1533-0366
  • Алпамысова Айгул Байгонысовна Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ. https://orcid.org/0000-0003-2532-504X
  • Канагатов Жамбыл Жолдыбаевич І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0003-3587-7737

DOI:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.119.2.018

Түйінді сөздер:

рөлдік ойын, инновация, каучук, резеңке, вулканизация

Аннотация

Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік оқу кеңістігіне өтуге дайындалуда. Әлемдік білім саласындағы өзгерістер, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім саласына қойылатын талаптарды өзгертті.

Пәнді оқытуда практикалық білім беруде жаңа технологиялардың алатын орны мен қызметін айқындау бағытында жұмыстар жүргізілді. Химия пәнінен жоғары молекулалы қосылыстар тарауын, олардың қолданылу аясын жаңа технологияларды пайдалана отырып оқыту қарастырылған.

Білім алушыларға химия пәнінен жоғары молекулалы қосылыстар тарауы бойынша дидактикалық  материалдар дайындаудың әдіс тәсілдері нақтыланды. Химия пәнінен жоғары молекулалы қосылыстар тарауын рөлдік ойын технологиясын пайдалана отырып оқыту үлгісі жасалды. Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып қорытынды сабақ өту  нәтижесінде оқушылардың теориялық білімдері  шыңдалып, өзіндік ізденісі, кәсіпке деген бейімділігі айқындалып пәнге деген қызығушылықтары артады.

Жаңа технологиялық оқыту әдісі білім алушылардың интеллектуалдық қабілеттерін және өзіндік ойлауды дамытады, оқу материалын берік сіңіреді, ақыл мен ойды қолданып зерттелетін құбылыстарға терең меңгеруі, шығармашылық, өзіндік ізденіс әрекетіне қабілеттілігі артады, нақты өндірістік практикада кәсіптік білімді қолдану, біліктілік пен машықтық қалыптасады.

Жүктеулер

Жүктеу деректері әзірге қолжетімсіз.

Авторлардың өмірбаяны

Қозыкеева Райхан Абильдаевна, Ж.А. Тәшенов атындағы университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Ж. Тәшенов атындағы университеті (Қазақстан, Шымкент қ., e-mail: kozykeevar@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-5409-3754).

Алпамысова Гулжайна Байгонысовна, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.

Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетi (Қазақстан, Шымкент қ., e-mail: xap68@mail.ru,  ORCID: https://orcid.org/0000-0002-1533-0366).

Алпамысова Айгул Байгонысовна, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.

Магистр, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Қазақстан, Шымкент қ., e-mail: Baykonyskyzy@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-2532-504X).

Канагатов Жамбыл Жолдыбаевич, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ.

Биология ғылымдарының кандидаты, І. Жансүгіров атындағы Жетысу университеті (Қазақстан, Талдықорган қ., e-mail: Kanagatov2013@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-3587-7737).

Жүктеулер


Аннотацияны қарау саны: 15

Жарияланды

30.06.2026