БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ҮШІН ОЙЫН ЖӘНЕ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ: ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.115.2.018Түйінді сөздер:
зерттеушілік дағдылар, ақпараттық-цифрлық орта, бастауыш сынып, білім беру технологиялары, педагогикалық әдісте р, цифрландыру, танымдық белсенділікАннотация
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын ақпараттық-цифрлық білім беру ортасында қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – ақпараттық-цифрлық ортаның оқушылардың зерттеушілік қабілеттеріне әсерін анықтау және осы процесті тиімді қолдауға бағытталған әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу; зерттеушілік дағдыларды дамытуға бағытталған цифрлық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Зерттеу барысында сауалнама, бақылау және эксперимент сияқты әдістер қолданылды. Зерттеу барысында Excel және Python бағдарламалық қамтамасыздандыруы арқылы алынған деректер талданды. Нәтижелер ақпараттық-цифрлық ортаның оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы маңызды рөлін көрсетті. Мақалада зерттеушілік дағдыларды дамытуға бағытталған инновациялық педагогикалық тәсілдер ұсынылады. Алынған нәтижелер бастауыш сынып оқушыларының танымдық дағдыларын тиімді дамыту әдістерін әзірлеуге көмектеседі. Зерттеу нәтижелері білім беру процесін жаңғыртуға және оның тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Зерттеудің мақсаты: Зерттеудің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын ақпараттық-цифрлық білім беру ортасында қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін анықтау. Зерттеу барысында ақпараттық-цифрлық ортаның оқушылардың танымдық белсенділігі мен зерттеушілік қабілеттеріне әсері зерттелді. Ғылыми және практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижелері білім беру саласында ақпараттық-цифрлық технологиялардың тиімділігін растайды және оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға арналған инновациялық әдістер ұсынады. Әдістеме: Зерттеуде сапалы және сандық әдістер қолданылды. Сауалнама, бақылау және эксперимент арқылы ақпараттық-цифрлық ортаның оқушылардың зерттеушілік қабілеттеріне әсері анықталды. Статистикалық талдау SPSS бағдарламасында жүргізілді. Негізгі нәтижелер мен қорытындылар: Зерттеу нәтижелері ақпараттық-цифрлық ортаның оқушылардың танымдық белсенділігін 25% арттырғанын және зерттеушілік қабілеттерінің деңгейін 30% жоғарылатқанын көрсетті. Құндылығы мен практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижелері білім беру саласында инновациялық тәсілдерді енгізуге негіз бола алады.
ҚАЗ
РУС
ENG