ФИЗИКА САБАҒЫНДА PYTHON БАҒДАРЛАМАНЫ ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • Д.Е. Куатбаева І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Қ.Р. Жақпаев І. Жансүгіров атындағы Жетысу унивеситеті https://orcid.org/0000-0002-6092-8084

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2024.109.4.016

Түйінді сөздер:

Python, физика курсы, физикалық заңдар, оқу үдерісіндегі инновациялар, бағдарламалау дағдылары

Аннотация

Заманауи физиканы оқытуда инновациялық әдістерді қажет етеді және осы тұрғыда физика сабақтарында Python бағдарламалау тілін пайдалану перспективалы және өзекті тәсіл болып табылады. Python студенттерге деректерді визуализациялау, физикалық құбылыстарды модельдеу және күрделі есептерді шешу үшін қуатты құралдарды ұсынады. Python көмегімен сандық талдау, символдық есептеулер және микроконтроллерді бағдарламалау мүмкіндіктері студенттерге теорияны меңгеріп қана қоймай, оны тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беретін оқу көкжиектерін кеңейтеді. Бұл зерттеудің мақсаты физика сабақтарында Python бағдарламалау тілін қолданудың тиімділігі мен қолдану мүмкіндігін бағалау болып табылады. Зерттеу осы инновациялық тәсілдің физика концепцияларын түсіну деңгейіне, бағдарламалауды дамытуға және оқушылардың физиканы оқуға жалпы мотивациясы мен қызығушылығына әсерін анықтауға бағытталған. Ғылыми маңыздылығы: Зерттеу физика сабақтарында Python бағдарламалау тілін қолданудың тиімділігін жүйелі түрде бағалау арқылы физика білім беру саласына елеулі үлес қосады. Практикалық маңызы білім деңгейін көтеруде, физиканы тереңдетуде және студенттерді қазіргі еңбек нарығының талаптарына дайындауда. Әдістеме таңдауды, Python негізіндегі оқу жоспарын жобалауды, іс-әрекеттерді жүзеге асыруды, білімді тексеруді және қорытынды жасауды қамтиды. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдауы: Физика сабақтарында Python тілін қолданатын студенттер физика ұғымдарын түсінудің жоғары деңгейлерін және бағдарламалау дағдыларының айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді. Қорытындылар мен ұсыныстар: Зерттеу физика сабақтарында Python қолданудың оң әсерін растайды. Жаңа әдіс материалды тереңірек меңгеруге, бағдарламалауды дамытуға және пәнге деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері бойынша оқу үдерісіне ұқсас әдістерді енгізу, сонымен қатар жаратылыстану пәндерін оқытуға бағдарламалауды кіріктіру саласындағы зерттеулерді одан әрі жүргізу ұсынылады.Python-ды физика сабақтарында қолданудың құндылығы: Python интерактивті сабақтар мен күрделі физика есептерінің шешімдерін ұсынады. SymPy кітапханалары арқылы студенттер теңдеулерді шеше алады, ал Pandas және Matplotlib ғылыми жұмыстағы деректерді талдауға және визуализациялауға көмектеседі. Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның білім беру үдерісін жақсарту және студенттерді заманауи сын-қатерлер мен мүмкіндіктерге дайындау бойынша нақты ұсыныстар бере алуында.

Жүктеулер

Жарияланды

23.02.2024

Шығарылым

Бөлім

Естественно-техническое направление