БОЛАШАҚ КӘСІПТІК ОҚЫТУ ПЕДАГОГЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК-ГРАФИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ

Авторлар

  • Битемирова Шолпан Абутобаевна Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ. https://orcid.org/0000-0003-3142-7763
  • Жолдасбекова Сауле Абдразаховна М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ. https://orcid.org/0000-0003-2857-7939
  • Саймбетова Жанар Туребековна Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ. https://orcid.org/0000-0003-2866-4311

DOI:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.119.2.012

Түйінді сөздер:

болашақ кәсіптік оқыту педагогы, компьютерлік графика, компьютерлік-графикалық құзыреттілік, әдіснамалық ұстанымдар, инновациялық технологиялар, білім берудегі заманауи үрдістер, цифрландыру

Аннотация

Мақалада болашақ кәсіптік оқыту педагогының компьютерлік-графикалық құзыреттілігін қалыптастырудың заманауи үрдістері маңызды мәселелердің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінгі  таңдағы кәсіптік оқытудың негізгі мақсаты – тиісті деңгейдегі және қоғам сұранысына сай құзыретті, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, жауапты, еркін өз кәсібін меңгерген, сабақтас салаларға бағдарланған тиімді жұмыс  істеуге қабілетті маманды даярлау.

Бұл мақаланың мақсаты болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының компьютерлік-графикалық құзыреттілігін қалыптастыруда инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан негіздеу болып табылады. Мақаланың негізгі міндеттері: болашақ кәсіптік оқыту педагогының компьютерлік-графикалық құзыреттілігін қалыптастырудағы заманауи тенденцияларды және әдіснамалық ұстанымдарды анықтау; қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда кәсіптік оқыту педагогының  атқаратын жаңа функцияларын зерттеу, болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының компьютерлік-графикалық құзыреттілігін қалыптастырудың инновациялық технологияларын қолдану және олардың тиімділігін тәжірибелік зерттеу барысында көрсету. Зерттеуге 6В01450 – «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасының 2, 3 курсында білім алатын 48 студент қатысты.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының компьютерлік-графикалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық шарттарды, диагностикалық критерийлер мен деңгейлік көрсеткіштерді нақтылауда, сондай-ақ геймификация, мультимедиалық визуализация, компьютерлік графика бағдарламалары және контекстік оқыту технологияларын біріктіретін әдістемелік кешенді тәжірибелік тұрғыдан негіздеуде көрінеді.

Зерттеу нәтижелері болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының компьютерлік-графикалық құзыреттілігін қалыптастыруда инновациялық оқыту әдістері мен технологияларын жүйелі қолданудың тиімділігін көрсетті.

Жүктеулер

Жүктеу деректері әзірге қолжетімсіз.

Авторлардың өмірбаяны

Битемирова Шолпан Абутобаевна, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.

Докторант, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті  (Қазақстан, Шымкент қ., e-mail: bitemirova7979@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-3142-7763).

Жолдасбекова Сауле Абдразаховна, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.

Педагогика ғылымдарының  докторы, профессор, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Қазақстан, Шымкент қ., e-mail: saulez.63@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-2857-7939).

Саймбетова Жанар Туребековна, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.

Философия докторы (PhD), Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Қазақстан, Шымкент қ., e-mail: turebekovna@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-2866-4311).

Жүктеулер


Аннотацияны қарау саны: 16

Жарияланды

30.06.2026