ИНФОРМАТИКА БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТЕСТТІҢ ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ

Авторлар

  • Альшурина Шынар Шименбаевна ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы», Қазақстан Республикасы, Астана қ. https://orcid.org/0009-0009-8254-3271
  • Дидарбекова Наужан Абдисатаровна ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы», Қазақстан Республикасы, Астана қ. https://orcid.org/0000-0002-7085-324X
  • Оспанов Динмухамед Сакенович ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы», Қазақстан Республикасы, Астана қ. https://orcid.org/0009-0006-4418-0770
  • Кулдеева Айнур Алихановна ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы», Қазақстан Республикасы, Астана қ. https://orcid.org/0009-0000-4970-3549

DOI:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.119.2.009

Түйінді сөздер:

тестілік валидация, ТжКБ педагогтері, информатика, классикалық тестілеу теориясы, Раш моделі, сенімділік, дискриминативтілік

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беру педагогтерінің білімін бағалауда (ТжКББ ПББ) қолданылатын информатика тестін валидациялау нәтижелері ұсынылған. Аттестаттаудың нормативтік-құқықтық негіздері, біліктілік санаттарының құрылымы және тестілеу процедурасы қарастырылған. Эмпирикалық базаны 50 дихотомиялық тапсырманы орындаған 112 педагогтің деректері құрады. Психометриялық талдау классикалық тестілеу теориясы (КТТ) және Раш моделі (IRT) қолданылып жүргізілді. Тесттің орташа сенімділігі (KR-20 = 0,655; α = 0,65) және тапсырмалардың орташа қиындығы (0,434) анықталды. Шамадан тыс қиын (11 тапсырма, p ≤ 0,2), шамадан тыс жеңіл (1 тапсырма, p = 0,89), теріс дискриминациясы (4 тапсырма) және төмен дискриминациясы (6 тапсырма) бар тапсырмалар айқындалды. IRT талдауы бірқатар тапсырмалардың модельге сәйкес келмейтінін растады: жалпы қабілет өлшемімен теріс корреляция (№ 1, 13, 37), Fit-статистика ауытқулары (Outfit MNSQ >1,3 № 10 үшін; <0,7 № 35 үшін). Райт картасы жоғары қиындықтағы тапсырмалардың жетіспеушілігін көрсетті. Талдау негізінде проблемалық тапсырмаларды қайта өңдеу, дистракторларды күшейту және қайта апробациялау бойынша ұсыныстар берілген. Тест мазмұндық валидтілікті көрсетеді және ұсынылған түзетулер енгізілгеннен кейін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін объективті бағалауға жарамды деген қорытынды жасалды.

Жүктеулер

Жүктеу деректері әзірге қолжетімсіз.

Авторлардың өмірбаяны

Альшурина Шынар Шименбаевна, ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы», Қазақстан Республикасы, Астана қ.

ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК, Техникалық және кәсіптік білім берудегі Педагогтердің білімін бағалау тест тапсырмаларын қалыптастыру ҒӘЗ бас сарапшысы (Қазақстан, Астана қ., e-mail: shinara.a@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0009-0009-8254-3271).

Дидарбекова Наужан Абдисатаровна, ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы», Қазақстан Республикасы, Астана қ.

Филология ғылымдарының кандидаты, ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары (Қазақстан, Астана қ., e-mail: nauzhan.didarbekova@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-7085-324X).

Оспанов Динмухамед Сакенович, ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы», Қазақстан Республикасы, Астана қ.

ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК, Ғылыми зерттеулер мен психометрика зертханасынының аға ғылыми қызметкері (Қазақстан, Астана қ., e-mail: dimokospan@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0009-0006-4418-0770).

Кулдеева Айнур Алихановна, ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы», Қазақстан Республикасы, Астана қ.

Магистр, ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК, Техникалық және кәсіптік білім берудегі Педагогтердің білімін бағалау тест тапсырмаларын қалыптастыру ҒӘЗ жетекші сарапшысы (Қазақстан, Астана қ., e-mail: lunochka_90@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0009-0000-4970-3549).

Жүктеулер


Аннотацияны қарау саны: 22

Жарияланды

30.06.2026