ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОҚУШЫЛАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ДАМУ ДИНАМИКАСЫ МЕН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.119.2.021Түйінді сөздер:
оқушылар ұйымы, пионер, комсомол, тәрбие жұмысы, кеңестік идеология, әлеуметтендіру, кеңестік кезеңАннотация
Зерттеудің мақсаты – Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде (1945–1960 жж.) Қазақстандағы оқушылар ұйымдарының (пионер, комсомол және мектепішілік бірлестіктер) даму бағыттарын, қызмет мазмұнын және институционалдық қиындықтарын айқындау, сондай-ақ олардың әлеуметтік-мәдени ықпалын бағалау.
Зерттеудің негізгі идеясы оқушылар ұйымдарының кеңестік идеологияны жас ұрпақ санасына орнықтыру тетігі ретінде қызмет еткенін, сонымен бірге ұжымшылдық, тәртіп, патриотизм және қоғамдық белсенділік дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасағанын дәлелдеуге негізделеді.
Зерттеу бағыттарына ұйымдардың тарихи-идеологиялық негіздерін талдау, құрылымы мен қызмет түрлерін сипаттау, материалдық-техникалық және кадрлық тапшылықты, ұйымдастырушылық әлсіздік пен идеологиялық қысымды анықтау, тәрбиелік ықпалын бағалау және қазіргі оқушылар ұйымдарымен салыстырмалы талдау жасау енгізілді.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы соғыстан кейінгі тәрбиелік институттардың эволюциясын нақты деректер негізінде жүйелеумен және Қазақстан тарихы мен педагогикасындағы жеткілікті зерттелмеген қырларды толықтырумен айқындалады.
Практикалық маңыздылығы тарихи тәжірибедегі тиімді элементтерді қазіргі тәрбие жұмысына бейімдеуге және осы негізде қолданбалы ұсынымдар ұсынуға байланысты. Әдіснама ретінде тарихи-педагогикалық, салыстырмалы, хронологиялық және құжаттық талдау тәсілдері пайдаланылды; дереккөздер қатарын архив материалдары, ресми құжаттар, мерзімді баспасөз және естеліктер құрады.
Зерттеу нәтижелері ұйымдардың соғыстан кейінгі қалпына келуі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда жүргенін, соған қарамастан олардың мектеп өмірін ұйымдастыруда, оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке, мәдени-көпшілік және әскери-патриоттық іс-шараларға тартуда елеулі рөл атқарғанын көрсетті. Мақалада жинақталған тарихи тәжірибе қазіргі білім беру жүйесінде азаматтық жауапкершілік пен әлеуметтік белсенділікті күшейтудің әдістемелік негіздерінің бірі бола алатыны тұжырымдалды.
ҚАЗ
РУС
ENG