Olzhas 1940–1960 жж. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕФОРМАЛАР: ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Турсынбаев Олжас Габитович І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0003-2381-7075
  • Бекіш Азамат Әбділқаилұлы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы, Қaзaқстaн Рeспубликасы, Астана қ. https://orcid.org/0000-0003-4325-6236

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.018

Түйінді сөздер:

білім беру, реформa, оқу сапасы, сaуaттылық, заманауи білім

Аннотация

Зерттеудің басты мақсаты – 1940-1960 жылдар аралығындағы Қазақстандағы білім беру жүйесінде жүргізілген реформаларды тарихи-педагогикалық тұрғыда талдау, олардың мазмұнын, себептерін және салдарын анықтау.

Негізгі идеясы – білім беру реформаларының қоғамдық-саяси өзгерістермен тығыз байланыста дамығанын көрсету.

Зерттеу бағыттары: реформалардың тарихи алғышарттарын зерделеу; ілім беру құрылымындағы өзгерістерді сипаттау; реформалардың педагогикалық салдарын бағалау.

Ғылыми және практикалық маңыздылығына бойынша, Қазақстандағы білім тарихына қатысты тың деректер мен талдаулар ұсынылады. Қазіргі білім беру жүйесінің дамуына тарихи сабақтар ұсынады, болашақ мұғалімдерге және педагог-зерттеушілерге тарихи контексті түсінуге көмектеседі.

Зерттеу тарихи-педагогикалық әдістерге негізделген. Онда архивтік құжаттар мен нормативтік актілерді талдау, салыстырмалы тарихи әдіс арқылы кезеңдердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ашу, педагогикалық әдебиеттер мен мұрағат материалдарын жүйелеу, мазмұндық және құрылымдық талдау қамтылған.

1940-1960 жылдары білім беру саласында бірнеше маңызды реформалар жүргізілді: міндетті жетіжылдық, кейін онжылдық білім беру енгізілді. Соғыс жылдарында білім жүйесі ауыр жағдайда дамыды, бірақ кейінгі жылдары қайта қалпына келтірілді. Реформалар кеңестік идеологиямен тығыз байланысты болды, мазмұндық және құрылымдық өзгерістер енгізілді. Мұғалім жетіспеушілігі байқалды. Зерттеу білім беру жүйесінің дамуындағы үзілістер мен ілгерілеу кезеңдерін анықтады.

Зерттеу Қазақстандағы кеңестік кезеңдегі білім реформаларының тарихи мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Ол қоғамның саяси, әлеуметтік және мәдени жағдайының білім беру жүйесіне ықпалын көрсету арқылы тарихи сабақтастық идеясын нығайтады.

Зерттеудің практикалық маңызына тоқталсақ, тарихи-педагогикалық білімді қалыптастыруда қосымша дереккөзі ретінде қолданылады, білім беру саясатын жасауда тарихи тәжірибені ескеруге көмектеседі, білім беру жүйесінің тарихи эволюциясын түсіну арқылы қазіргі реформаларды бағалауға ықпал етеді.

Сонымен қатар, мaқaлaдa соғыс жылдaрынaн кейін Қaзaқстaндa төл оқулықтaрды жaсaу жұмыстaры жүйелі жүзеге aсырылa бaстaғaндығы aйтылып, қaзaқ тілінде шыққaн aлғaшқы педaгогикaлық еңбектер көрсетіледі. Сол кезеңдегі тотaлитaрлық жүйеге бaйлaнысты қaзaқ мектептері сaнының күрт төмендеп кеткендігіне де мaқaлaдa бaсa нaзaр aудaрылaды. Мaқaлaны жaзу бaрысындa ҚР ОМA мaтериaлдaры іріктеліп, ғылыми aйнaлымғa енгізілген. Ұсынылған зерттеу Ұлы Отан соғысынан кейінгі білім беру реформаларының Қазақстанға тигізген әсерін жан-жақты талдап, олардың білім сапасына ықпалын бағалайды.

##plugins.generic.usageStats.downloads##

##plugins.generic.usageStats.noStats##

Жүктеулер


Аннотацияны қарау саны: 17

Жарияланды

30.12.2025