РОБОТОТЕХНИКАНЫ БИОМИМЕТИКА НЕГІЗІНДЕ БИОЛОГИЯМЕН КІРІКТІРУ ТӘЖІРИБЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.022Түйінді сөздер:
STEM, hard skills, soft skills, робототехника, Arduino платформасы, биомиметика, өрмекші-робот, 3D модельдеуАннотация
Бұл мақалада биология мен робототехниканы кіріктіре оқытудың жаңа тәсілі ретінде биомиметика қағидаттарына негізделген педагогикалық тәжірибе талданған. Зерттеу барысында студенттер табиғаттағы тірі ағзалардың қозғалыс, бейімделу және морфологиялық ерекшеліктерін зерттеп, сол мәліметтерді техникалық модельдерге бейімдеу арқылы «өрмекші-робот» жобасын жасады. Жоба Arduino платформасы мен 12 сервомотор негізінде құрастырылып, Fusion360 бағдарламасында үлгіленіп, Prusa mk2 3D-принтерінде басылып шығарылды. Мұндай интеграциялық тәсіл STEM-білім берудің теориялық және қолданбалы қырларын біріктіріп, оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын арттырды.
Зерттеу барысында биология, информатика және робототехника пәндері кіріктіріліп, студенттердің инженерлік ойлау, модельдеу және бағдарламалау дағдылары эксперименттік түрде бағаланды. Зерттеу әдістері ретінде бақылау, жобалық жұмыс, 3D-модельдеу, прототиптеу және бағдарламалау қолданылды. Зерттеу нәтижелері пәнаралық кіріктірудің студенттердің инженерлік ойлауын, алгоритмдік әрекетін және шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал ететінін көрсетті. Қатысушылардың басым бөлігінде оқу мотивациясының жоғарылауы, биологиялық білімді практикалық міндеттерде қолдану қабілетінің жақсаруы байқалды.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, робототехниканы биомиметика негізінде қолдану студенттердің инженерлік және шығармашылық ойлауын, алгоритмдік дағдыларын, зерттеу және талдау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар, пәнаралық жобалау үдерісі биология, информатика және физика пәндерінің өзара байланысын күшейтіп, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттырады.
Биомиметикаға негізделген роботтық жобаларды білім беру жүйесіне енгізу – оқушылардың ғылыми ойлауын, экологиялық сана мен зерттеу мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолы. Мұндай тәсіл оқыту мазмұнын өмірмен байланыстырып, практикалық әрекет арқылы оқуға ынтаны күшейтеді.
ҚАЗ
РУС
ENG