БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ АРТ-ТЕРАПИЯ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.012Түйінді сөздер:
арт-терапия, эмоционалдық тұрақтылық, оқу мотивациясы, эмпатия, студент, психологиялық қолдауАннотация
Зерттеудің мақсаты – медициналық колледж студенттерінің эмоционалдық тұрақтылығын, өзін-өзі реттеуін және оқу мотивациясын арттыруда арт-терапиялық тәсілдердің тиімділігін анықтау және эмпирикалық тұрғыда дәлелдеу. Зерттеу идеясы арт-терапияны білім беру ортасында эмоционалдық қолдау, тұлғалық даму және шығармашылық өзін-өзі білдіру құралы ретінде қолдануға негізделеді. Мақалада арт-терапияның теориялық негіздері, оның білім беру процесіндегі психологиялық-педагогикалық әлеуеті және студенттердің эмоционалдық саулығын нығайтудағы рөлі қарастырылады. Ғылыми маңыздылығы – арт-терапияның студенттердің эмоционалдық тұрақтылығы мен әлеуметтік бейімделуіне ықпалын теориялық тұрғыда негіздеу және арт-терапиялық тәсілдердің тиімді механизмдерін анықтау. Практикалық маңыздылығы – медициналық колледж жағдайында арт-терапиялық әдістерді қолданудың нақты жолдарын ұсыну, студенттердің оқу мотивациясын, қарым-қатынас мәдениетін және психологиялық саулығын арттыруға арналған тиімді құралдарды көрсету. Зерттеу барысында суреттерапия, музыкатерапия, драматерапия және ертегітерапия секілді арт-терапиялық тәсілдер қолданылды. Эмпирикалық деректер жинауда диагностикалық әдістемелер, бақылау, салыстырмалы талдау және педагогикалық эксперимент әдісі пайдаланылды. Алынған нәтижелер сандық және сапалық тәсілдер арқылы талданды. Эксперимент нәтижелері студенттердің эмоционалдық тұрақтылығының, өзін-өзі реттеу дағдыларының, эмпатия деңгейінің және оқу мотивациясының айтарлықтай артқанын көрсетті. Эмоциялық шиеленіс деңгейі төмендеп, топтық өзара әрекет, қарым-қатынас мәдениеті мен әлеуметтік бейімделу көрсеткіштері жақсарды. Төмен эмоционалдық тұрақтылық үлесі қысқарып, жоғары деңгейдің өсуі байқалды. Зерттеу арт-терапиялық тәсілдердің студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуына оң әсер ететінін дәлелдеді. Зерттеу арт-терапияның білім беру үдерісін гуманизациялаудың, студенттердің психологиялық әл-ауқатын нығайтудың және олардың шығармашылық әлеуетін ашудың пәрменді құралы екенін көрсетті. Арт-терапия эмоциялық шиеленісті азайтып, өзін-өзі білдіру, эмпатия, топтық өзара әрекет дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер арт-терапияны медициналық колледждерде қолдау құралдары жүйесіне енгізудің өзектілігін және тиімділігін негіздейді.
ҚАЗ
РУС
ENG