БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДАҒДЫСЫНЫҢ ДАМУЫНА ӨЗІНДІК РЕФЛЕКСИЯНЫҢ ЫҚПАЛЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.015Түйінді сөздер:
болашақ физика мұғалімі, мектеп эксперименті, эксперименттік дағды, ғылыми дәлелдеу, сұхбат, рефлексияАннотация
Бұл мақалада қазіргі қоғамның білім беру саласына қоятын жаңа талаптарына сәйкес болашақ физика мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселесі жан-жақты қарастырылады. Ғылым мен техниканың үдемелі дамуы, цифрлық технологиялардың білім беру процесіне енуі – мұғалімнің тек пәнді меңгеруімен шектелмей, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруын қажет етеді. Осыған байланысты болашақ мұғалімдерден өзіндік дамуға қабілеттілік, шығармашылықпен ойлау, кәсіби рефлексия жүргізе алу сияқты маңызды сапалар талап етіледі. Мақалада болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби тұрақты жетілуін қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде олардың рефлексиялық дағдыларын дамыту мәселесі көтерілген. Себебі рефлексия мұғалімнің өз іс-әрекетіне сыни көзқараспен қарап, оны бағалап, келешекте тиімді жолдарды таңдауға көмектеседі. Осы тұрғыдан алғанда, педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру мен өткізуде білім алушылардың өзіндік талдау жасауына, кәсіби қиындықтарды саралап, оларды шешу жолдарын іздеуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасалуы тиіс. Сонымен қатар мақалада «Мектептегі эксперимент техникасы» пәнінің мазмұны арқылы білім алушылардың зертханалық жұмыстарды орындау кезінде физикалық заңдылықтарды, теорияларды нақты зерттеу және дәлелдеу дағдыларын меңгеру маңыздылығы қарастырылады. Атап айтқанда, зерттеу барысында «анықтау» мәселесі зерттеліп, мектеп физика курсына ұсынылатын тәжірибелік жұмыстарды сапалы орындауға қажетті теориялық және әдістемелік дайындықтың қажеттілігі дәлелденген. Бұл болашақ мұғалімдердің зертханалық жұмыстарды дұрыс ұйымдастырып, оны тиімді жүзеге асыруына негіз болады. Мақалада осы бағытта жүргізілген зерттеудің нәтижелері мен ұсыныстары баяндалады.
ҚАЗ
РУС
ENG