«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ КОНТЕКСТІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТІҢ ЭРГОНОМИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

  • Шавалиева Зульфия Шавалиевна Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ. https://orcid.org/0000-0001-7869-2324
  • Жумажанова Кульжанар Ихтайевна Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ. https://orcid.org/0000-0001-8650-9964
  • Байсеитова Жанар Байсеитовна Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ. https://orcid.org/0009-0007-6212-8754

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.021

Түйінді сөздер:

педагогикалық эргономика, эргономикалық мәдениет, болашақ мектебі, білім беру кеңістігі, қолайлы орта

Аннотация

Мақалада болашақ мұғалімнің эргономикалық мәдениетін қалыптастыру мәселесі «Келешек мектептері» («Болашақ мектебі») ұлттық жобасын жүзеге асыру контексінде қарастырылады. Аталған жоба қазіргі заманғы, қауіпсіз және психологиялық тұрғыдан қолайлы білім беру ортасын құруға бағытталған. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуы цифрландыру, мектеп инфрақұрылымын жаңарту, гуманизация және инклюзия қағидаттарын енгізу жағдайында жүзеге асырылып отырғаны атап өтіледі. 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауына және нормативтік-құқықтық құжаттарға жасалған талдау негізінде XXI ғасырдың білім беру кеңістігінде жұмыс істеуге қабілетті жаңа форматтағы кәсіби маманды қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағдары айқындалды.

Зерттеудің мақсаты – педагогикалық жоғары оқу орындарының білім алушыларының кәсіби дайындықтарының негізі ретінде олардың эргономикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары, әдістері мен құралдарын анықтау. Зерттеу барысында теориялық талдау, педагогикалық модельдеу және тәжірибелік-эксперименттік әдістер қолданылды. Эксперимент Марғұлан университеті мен Павлодар қаласындағы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған №48 мектеп базасында жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері «Болашақ мектебінің мұғалімі» бағдарламасын енгізу білім алушылардың кәсіби, цифрлық және әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттіліктерінің деңгейін арттыратынын көрсетті. Жұмыстың практикалық маңызы алынған нәтижелерді мұғалімдерді даярлау білім беру бағдарламаларына бейімдеу және педагогикалық эргономиканы Қазақстан педагогикалық ғылымының жаңа бағыты ретінде дамыту мүмкіндігінде болып табылады.

##plugins.generic.usageStats.downloads##

##plugins.generic.usageStats.noStats##

Жүктеулер


Аннотацияны қарау саны: 4

Жарияланды

30.12.2025