ҚАРАТАЛ ӨЗЕНІНІҢ ЛАСТАНУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ БИОЛОГ-БАКАЛАВРЛАРДЫҢ БИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.010Түйінді сөздер:
Қаратал өзені, биолог-бакалаврлар, құзыреттілік, биоэкологиялық құзыреттілік, мұздықтарАннотация
Дүниежүзілік климаттық өзгерістер мен антропогендік әсерлерге байланысты мұздықтардың өзгерісі көрініс табуда. Соған байланысты, Жоңғар Алатауы (Жетісу Алатауы) мұздығынан бастау алатын өлкелік компонент – Қаратал өзенін жоғары оқу орнында білім беру үдерісінде қолдану өзекті. Зерттеудің мақсаты – Қаратал өзенінің ластану деңгейін бағалау негізінде биолог-бакалаврлардың биоэкологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми негіздемесі. Қаратал өзенін зерттеу нысаны ретінде пайдалану теориялық білімді практикалық біліммен ұштастыруға, аудиториядан тыс далалық эксперименттерді өз бетінше жоспарлау және жүргізу, биоэкологиялық деректерді өңдеу және түсіндіру дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Зерттеу міндеттеріне – жоғары және төменгі ағыстардан су сынамаларын алу, биологиялық – химиялық талдауды, ластану көрсеткіштерін салыстырмалы бағалауды, су экожүйелерінің биоэкологиялық жай-күйінің заманауи көрсеткіштерін қолдану, сауалнаманы және педагогикалық экспериментті қамтиды. Алынған нәтижелер 6В01505 – «Биология» білім беру бағдарламасының «Биологиялық эксперименттер жүргізу әдістемесі» пәніне және 7М01505 – «Биология» білім беру бағдарламасының «Ғылыми-зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлау» пәніне енгізілді. Биоэкологиялық зерттеулерге қатысу білім алушылардың мотивациясын, аналитикалық дағдыларын және биоэкологиялық ойлауын арттыратынын, сондай-ақ тұрақты бақылау құзыретіліктерін қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетті. Деректерді талдау өлкелік компонентті білім беру процесіне енгізудің тиімділігін растады. Практикалық маңыздылығы биоэкологиялық аудиториядан тыс практикалық сабақтар мен нәтижелерді пәндерде қолдануға арналған әдістемені қолдану мүмкіндігінде көрінді.
ҚАЗ
РУС
ENG