БІЛІМ БЕРУДЕГІ ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.119.2.015Түйінді сөздер:
генеративті жасанды интеллект, білім берудегі жасанды интеллект, білім беру технологиялары, VOSviewer, библиометриялық талдауАннотация
Генеративті жасанды интеллекттің білім беруде жылдам таралуы оны жауапты пайдалану, академиялық адалдықты сақтау және оқу дизайнын жаңғырту талаптарын күшейтіп отыр. Зерттеудің мақсаты – Web of Science дерекқоры бойынша 2019–2024 жылдардағы GenAI тақырыбындағы жарияланымдардың динамикасын, ықпалды авторларды, ұйымдарды, елдерді және басым тақырыптық кластерлерді айқындау. Зерттеудің маңызы – осы дамуды жүйелеп, Қазақстанда мұғалімдерді даярлау мен оқу жоспарларын жаңартуға дәлелді негіз ұсынуында. Әдіс ретінде библиометриялық талдау қолданылды. Деректер TS-өрнегі бойынша іріктелді. Кілт сөздердің бірлесіп кездесу, бірлескен дәйексөз және бірлескен авторлық желілері VOSviewer 1.6.20 бағдарламасында үлестік санау әдісімен, жиілік шегі ≥5 негізінде визуализацияланды. Талдау үш тақырыптық кластерді анықтады: қабылдау мен сенім; әдіснамалық-нормативтік негіздер, оқу дизайны; қолдану мен тиімділік. Сонымен қатар 2023 жылдан бастап зерттеу күн тәртібі үлкен тілдік модельдерге (LLM), ChatGPT-ге және академиялық адалдық мәселелеріне ауысты. Ынтымақтастық желісінде АҚШ, Қытай және Ұлыбритания негізгі хабтар, ал Сингапур, Канада және Германия байланыстырушы көпірлер болды; өңірлік деңгейде Nazarbayev University жаһандық консорциумдармен түйісу алаңы ретінде ерекшеленді. Қорытынды нәтиже – GenAI зерттеулері техноцентрлік қызығушылықтан институционалданған педагогикалық шешімдерге қарай дамып келеді. Зерттеудің құндылығы – оқу жоспарларына ЖИ сауаттылығы мен этикасын енгізу және халықаралық серіктестікті кеңейту бойынша нақты ұсыныстар тұжырымдауында.
ҚАЗ
РУС
ENG