ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІН АНЫҚТАУ
DOI:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.119.2.017Түйінді сөздер:
әлеуметтік-гуманитарлық қауіпсіздік, биологиялық білім беру, білім беру үдерісі, биоэтика, құзыреттілікке негізделген тәсіл, тәжірибеге бағытталған оқыту, гуманизация, экологиялық мәдениетАннотация
Бұл мақалада – биологиялық білім беруді әлеуметтік-гуманитарлық қауіпсіздік қағидаттарымен ықпалдастыра отырып теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеу, сондай-ақ «табиғат – адам – қоғам» жүйесі аясында осы қағидаттарды білім беру үдерісіне енгізуге ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету болып табылады. Зерттеудің негізгі идеясы – білім алушылардың гуманистік дүниетанымын, экологиялық жауапкершілігін және өмірге этикалық қатынасын қалыптастыруға жағдай жасайтын педагогикалық алғышарттарды анықтау.
Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы биологиялық білім беру мазмұнына әлеуметтік-гуманитарлық қауіпсіздік компоненттерін енгізудің теориялық және әдістемелік негіздерін әзірлеуде көрінеді. Жұмыс жаратылыстану ғылымдары саласындағы білім берудің теориялық базасын гуманизациялау тұрғысынан толықтырып, биологияны оқыту үдерісіне әлеуметтік-гуманитарлық компоненттерді кіріктірудің нақты жолдарын ұсынады.
Зерттеудің әдіснамалық негізін құзыреттілікке бағытталған, тәжірибеге негізделген, жүйелі-құрылымдық, тұлғалық-іс-әрекеттік және интегративті тәсілдер құрайды. Зерттеу барысында теориялық әдістер (ғылыми әдебиеттерді талдау, модельдеу, жүйелеу) және эмпирикалық әдістер (бақылау, сауалнама, педагогикалық эксперимент) қолданылды.
Зерттеу нәтижесінде биологиялық білім берудегі әлеуметтік-гуманитарлық қауіпсіздік компоненттерінің орны мен рөлі анықталды. Әлеуметтік-гуманитарлық қауіпсіздік міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған биологияны оқытудың теориялық моделі жасалды. Ол мақсаттық, мазмұндық-әдістемелік, іс-әрекеттік және нәтижелік-бақылау компоненттерін қамтиды.
Жүргізілген зерттеудің құндылығы биологиялық білім берудің әлеуметтік-гуманитарлық қырын күшейтуінде, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, құндылыққа бағытталған ойлауын дамытуға және адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қатынастарды қалыптастыруға ықпал етуінде. Практикалық маңызы – ұсынылған модель мен әдістемелік ұсынымдарды болашақ мұғалімдерді даярлау және биологиялық пәндер бағдарламаларын жаңарту үдерісінде қолдануға болатындығында.
ҚАЗ
РУС
ENG