STEAM-БАҒДАРЛЫ БІЛІМ БЕРУ МЕДИАРЕСУРСЫ РЕТІНДЕ OPENSTREETMAP-ПЕН ГЕОГРАФИЯНЫ БІРЛЕСКЕН ЗЕРТТЕУШІЛІК БАҒЫТТА ОҚЫТУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.019Түйінді сөздер:
OpenStreetMap, STEAM-оқыту, кеңістіктік ойлау, зерттеушілік іс-әрекет, цифрлық білім беруАннотация
Мақалада OpenStreetMap цифрлық картографиялық сервисін пайдалану арқылы географияны бірлескен зерттеушілік бағытта оқытудың тиімділігі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – STEAM-бағдарлы білім беру контексінде оқушылардың кеңістіктік ойлау, зерттеу және аналитикалық дағдыларын дамытуға ықпал ететін модельді негіздеу. Зерттеу Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Қ. Сәтбаев атындағы №10 мектеп-гимназия-интернатында жүргізілді. Квази-эксперименттік дизайн аясында 9 «А» сыныбы (эксперименттік топ) OpenStreetMap негізінде әзірленген зерттеушілік тапсырмалар циклін орындады, ал 9 «Ә» сыныбы (бақылау тобы) дәстүрлі бағдарлама бойынша білім алды. Нәтижелер кеңістіктік үдерістерді талдау, картографиялық деректермен жұмыс істеу, топтық жоба дайындау және коммуникациялық дағдылардың айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Эксперименттік топтың көрсеткіштері «аналитикалық ойлау», «шығармашылық және инновациялық ойлау», «жүйелік түсіну», сондай-ақ «коммуникативтік дағдылар» мен «этикалық сана» бағыттары бойынша бақылау тобынан жоғары болды. Зерттеу нәтижелері STEAM-компоненттерін, цифрлық технологияларды және жобалық тәсілді интеграциялау оқушылардың зерттеушілік белсенділігін, дербестігін және сыни ойлау қабілетін арттыратынын дәлелдейді. Бұл тәсіл кеңістіктік сауаттылықты дамытуға, мектеп бағдарламасының практикалық бағыттылығын күшейтуге және оқушылардың деректермен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ұсынылған әдісті енгізу географияны оқытудың мазмұнын заманауи талаптарға сәйкестендіруге жағдай жасайды.
ҚАЗ
РУС
ENG