СПИРАЛЬДЫ ОҚЫТУ ПӘНДІК ҚҰЗЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Хасенова Марал Торгаевна Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ. https://orcid.org/0000-0001-7672-7407
  • Мұқанова Роза Жумкеновна Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ. https://orcid.org/0000-0001-9517-7359
  • Еркибаева Меруерт Куандыковна Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ. https://orcid.org/0000-0002-6586-2125

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.003

Түйінді сөздер:

спиральді оқыту, оқыту әдістері, жаңартылған білім беру мазмұны, педагогикалық тәсілдер, құзіреттілікке негізделген тәсіл, пәндік және метапәндік құзыреттер

Аннотация

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында оқушылардың тұрақты пәндік құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған тиімді педагогикалық тәсілдерді енгізу ерекше маңызға ие. Осы тәсілдердің бірі спиральді оқыту,, оның мәні оқу материалын әртүрлі кезеңдерде қайталап қайтаруда жатыр.

Бұл мақалада мектептегі химия курсында «Азот гетероциклдері» тақырыбын оқу кезінде спиральді оқыту моделін жүзеге асыру қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі мектеп курсының мазмұны мен  химиялық құзіреттілікті дамыту тұрғысынан алғанда заттардың құрылымын талдау, қасиеттерін болжау, химиялық теңдеулермен жұмыс істеу және тәжірибе жүргізу дағдыларын қалыптастыру арқылы негізделеді.

Зерттеудің мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында «Азот гетероциклдері» тақырыбын оқу кезінде мектеп оқушыларының химиялық құзыреттіліктерін дамыту құралы ретінде спиральды оқыту динамикасын негіздеу және тәжірибеде қолдану.

Зерттеу мақсаттары:

  1. Спиральды оқытудың теориялық негіздерін және оның қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогикалық мәнін талдау.
  2. Мектеп оқушыларының химиялық құзіреттілігін дамытудағы спиральды модельдің тиімділігін бағалау және оны мектеп тәжірибесінде одан әрі қолдану перспективаларын анықтау.

Жұмыста сондай–ақ мектеп бағдарламасы аясында спиральды модельді қолданудың тиімділігін бағалауға бағытталған педагогикалық эксперимент элементтері берілген. Күрделілігі жоғары тақырыпты қайталап оқу арқылы химиялық құзыреттіліктерді дамыту кезеңдері сипатталған, сонымен қатар теориялық және практикалық тапсырмаларды біріктіру мысалдары келтірілген.

Зерттеу нәтижелері материалды меңгеру сапасына, оқушылардың мотивациясына және танымдық қызығушылықтың дамуына спиральдық тәсілдің оң әсерін көрсетеді. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында химияны оқыту әдістемесіне спиральды оқыту элементтерін енгізудің орындылығы туралы қорытындылар жасалды.

Ұсынылған әдістемелік шешімдерді химия пәнінің мұғалімдері, әдіскерлер және оқу бағдарламасын жасаушылар пайдалана алады.

##plugins.generic.usageStats.downloads##

##plugins.generic.usageStats.noStats##

Жүктеулер


Аннотацияны қарау саны: 19

Жарияланды

30.12.2025