«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ДИСКУРСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ ПАРАДИГМАСЫ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.116.3.019Түйінді сөздер:
Рухани жаңғыру, қоғамдық дискурс, құндылық, құндылық бағдарлар, контент-талдау, қоғамдық сананы жаңғырту, дискурстық стратегияларАннотация
Мақала «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты қоғамдық дискурсты педагогикалық тұрғыдан зерделеуге бағытталған. Зерттеудің негізгі мақсаты – бағдарламаның ресми және қоғамдық коммуникацияларындағы құндылықтық бағдарларды айқындап, олардың жастардың ұлттық бірегейлігін қалыптастырудағы тәрбиелік әлеуетін ғылыми тұрғыда талдау.
Зерттеу қоғам санасын жаңғырту саясаты тек саяси-әлеуметтік құбылыс қана емес, сонымен қатар білім беру мен тәрбие жүйесінде қолдануға болатын маңызды әдіснамалық және мазмұндық ресурс екенін көрсетуге негізделген. Зерттеу бағыты жастардың құндылықтық бағдарларын қалыптастырудағы дискурстық стратегиялардың рөлін анықтауға, білім беру үдерісінде рухани және мәдени мазмұнды тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін ұсынуға бағытталды.
Зерттеудің ғылыми маңызы мемлекеттік идеологиялық дискурсты педагогикалық ғылым тұрғысынан кешенді талдаудың жаңа тәсілін ұсынуы арқылы айқындалады. Зерттеу нәтижелері оқу-тәрбие үдерісінде, тәрбие бағдарламалары мен әдістемелік құралдар жасауда қолданылуы мүмкін.
Мақалада контент-талдау әдісі қолданылды: сандық тұрғыда лексикалық бірліктер мен тақырыптық маркерлердің жиілігі анықталса, сапалық талдау олардың саяси және мәдени контексте интерпретациялануына бағытталды. Нәтижесінде «ұлттық құндылықтар», «білім», «жаңғыру», «бірлік», «қазақ тілі» сияқты доминант ұғымдар жастардың құндылықтық бейнесін қалыптастыруда негізгі рөл атқаратыны анықталды.
Жастардың ұлттық бірегейлігін қалыптастыру мүмкіндіктері ең алдымен олардың тарихи жад пен мәдени дәстүрге негізделген құндылықтарға бейімделуі арқылы айқындалады. Сонымен қатар, дискурстағы білім, тіл және бірлік ұғымдары жастардың өзіндік «ұлттық менін» тануына және жаһандық кеңістікте бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді. Бағдарлама аясында қалыптасқан құндылықтық парадигма жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, қоғамдағы әлеуметтік ынтымақ пен ұлттық тұтастықты нығайтудың тиімді педагогикалық құралы ретінде танылады. Жасалған талдау нәтижесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының дискурсы педагогикалық тұрғыдан тұлғаның рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ететін, ұлттық бірегейлікті нығайтатын маңызды құрал ретінде бағаланды. Зерттеу қоғамдық дискурсты білім беру жүйесінде ұлттық сана мен құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ететін тиімді педагогикалық ресурс ретінде ұсынуымен құнды.
ҚАЗ
РУС
ENG