БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Авторлар

  • Есимбекова Асылжан Омаровна І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0001-6915-1577
  • Кыстаубаева Ботагоз Кыстаубаевна І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0001-9449-1485
  • Таурбекова Айнур Сапашовна І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0002-9220-7732

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.116.3.008

Түйінді сөздер:

зерттеу құзыреттіліктері, бастауыш сынып мұғалімдері, кәсіби дайындық, кейс-стади, тәжірибеге бағытталған оқыту

Аннотация

Аталған мақаланың мақсаты – педагогика ғылымының өзекті бағыттарының бірі болып табылатын болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктерін одан әрі дамыту мәселелерін зерттеу. Білім беруді жаңғырту жағдайында сыни және шығармашылық ойлауды дамытуға, сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби икемділігін арттыруға ықпал ететін зерттеу әдісін енгізу ерекше маңызға ие.

Зерттеу әдістерін оқу үдерісіне енгізудің негізгі тенденцияларын, проблемалары мен перспективаларын анықтаған тәжірибелі мұғалімдермен жартылай құрылымдық сұхбаттарды жүргізіліп, мақаладағы зерттеу тақырыптық талдауға негізделген.

Зерттеу құзыреттілігін табысты дамыту үшін тәжірибеге бағытталған оқытуды жүйелі түрде жүзеге асыру, заманауи педагогикалық технологияларды қолдану және жеткілікті ресурстық қолдау қажет екені анықталды. Қазіргі білім беру тәсілдері білім беру мазмұнын түрлендіреді, дәстүрлі әдістерден жобалық-зерттеу қызметіне ауыстырады, бұл болашақ мұғалімдерді даярлаудың әдістемелік негіздерін қайта қарауды талап етеді. Пәнаралық, проблемалық-бағдарлы әдістерді енгізу мұғалімдердің кәсіби дайындығының сапасын арттыруға көмектеседі. Нәтижелер білім беру бағдарламаларын жетілдіру, мемлекеттік стандарттарды бейімдеу және мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

30.10.2025