ЦИФРЛЫҚ ӨНЕР НЕГІЗІНДЕ КӨРКЕМ ӨНЕР МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.007Түйінді сөздер:
цифрлық өнер, инновациялық тәсілдер, көркем өнер, цифрлық құралдар, өнер инновациясы, шығармашылық білім беруАннотация
Мақалада қазіргі көркем өнер біліміндегі цифрлық технологиялардың маңыздылығы мен олардың оқу үдерісіне ықпалы жан-жақты сипатталады. Цифрлық өнердің білім беруде қалыптасқан жаңа мүмкіндіктері сараланып, шығармашылық мамандарды даярлауда қолданылатын инновациялық бағыттар жүйелі түрде зерделеніп, көркемдік білім беру үдерісіне енгізіліп жатқан интерактивті тәсілдер мен заманауи цифрлық құралдарды қолдану практикасы талқыланады. Көркем білім беру мамандарына цифрлық өнердің мазмұнына сәйкес пәнаралық байланысты қалыптастырудың әдіснамалық негіздері де қарастырылады. Цифрлық технологияларды оқу үрдісіне тиімді енгізудің педагогикалық шарттары мен оларды болашақ суретші педагогтарын кәсіби даярлауда қолданудың әдістері туралы ғылыми деректерге талдау жасалынды. Сонымен қатар, цифрлық құралдармен заманауи оқыту әдістерін қолдану студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыруға және кәсіби шеберліктерін қалыптастыруда қазіргі өнер бағыттарын меңгеру мәселелері қарастырылды. Заманауи суретшілердің виртуалды және кеңейтілген шындық (VR/AR), жасанды интеллект (AI), цифрлық кескіндеме түріндегі инновациялық технологиялармен жасалған туындылары да қамтылды. Интерактивті оқыту әдістері, заманауи платформалар және цифрлық өнерді оқытудың болашағы – мақаланың негізгі өзектілігі болып табылады. Көркем өнер мамандарын даярлаудағы цифрлық өнер негізінде инновациялық тәсілдерді эмпирикалық талдаулар бойынша респонденттердің креативті қабілеттері мен тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мақсатында Харрисон Гоудың шығармашылық тұлға шкаласына негізделген диагностикалық сауалнама әдістемесі қолданылып, алынған нәтижелер диограмалар түрінде көрнекі көрсетілді. Нәтижесінде, студенттердің цифрлық өнерді өз практикаларында тиімді ұштастыра білетіндері айқындалды. Алайда, көркем өнер саласында жаңа технологиялармен жұмыс жасау үдерісін одан әрі жетілдіріп кәсіби деңгейде шыңдау байқалады.
ҚАЗ
РУС
ENG