СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАТЫСУЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ҮШІН БІЛІМ БЕРУДІ БАСҚАРУДА БЛОКЧЕЙНДІ ҚОЛДАНУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.017Түйінді сөздер:
блокчейн-технологиялар, бағалау жүйелері, деректердің тұтастығы, академиялық жазбаларды басқару, деректерді қорғауАннотация
Бұл зерттеу Қазақстандағы Астана халықаралық университетінің мысалында блокчейн технологияларын білім беру кеңістігінде қолдану мүмкіндіктерін қарастыруға арналған. Зерттеудің мақсаты – децентрализденген шешімдердің студенттердің қатысуын тіркеу және бағалау жүйесінің сенімділігін қалай арттыра алатынын айқындап, Moodle секілді дәстүрлі платформалардың шектеулерін еңсеру жолдарын анықтау.
Жұмыстың өзектілігі – блокчейн саласындағы ғылыми ізденістерді білім беру ұйымдарының өзекті Жұмыстың өзектілігі – блокчейн саласындағы ғылыми ізденістерді білім беру ұйымдарының өзекті қажеттіліктерімен ұштастыру. Практикалық маңыздылығы – мұндай шешімдерді енгізу академиялық қызмет нәтижелеріне деген сенімді нығайтады, процедуралардың ашықтығын қамтамасыз етеді және, адами факторға тәуелділікті азайтады.
Әдіснамалық тұрғыдан алғанда зерттеу сапалық талдауға негізделді: студенттер мен оқытушылар арасында шағын сұхбаттар жүргізіліп, қолданыстағы жүйелерге салыстырмалы зерттеу жасалды. Ықтимал өзгерістерді түсінуді жеңілдету үшін үлестірілген тізілім негізіндегі қатысу мен бағалау жүйесінің жұмыс істеу тетіктерін бейнелейтін тұжырымдамалық сызбалар әзірленді.
Алынған нәтижелер блокчейн технологиясын қолдану деректердің өзгермейтіндігі мен тұтастығын қамтамасыз етіп, ұйымдық үдерістердің тиімділігін арттырып, бірқатар рутинді міндеттерді автоматтандыруға мүмкіндік беретінін көрсетті. Сонымен бірге, пайдаланушылардың бейімделу қажеттілігі, техникалық интеграцияның күрделілігі және деректер құпиялылығын қорғау мәселелері секілді бірқатар сын-қатерлер де анықталды.
Жалпы алғанда, зерттеу блокчейн-технологиялардың білім беру инфрақұрылымын жаңғыртудағы айтарлықтай әлеуетін дәлелдейді. Оның ғылыми құндылығы – білім берудің цифрлық трансформациясын түсіндіруге қосқан үлесінде, ал практикалық маңызы – оқу үдерісін басқаруда үлестірілген тізілімдерді қолданудың жаңа мүмкіндіктерін ашуында. Зерттеу нәтижелері университеттердің қызметін ашық әрі тиімді етуге бағытталған инновациялық жүйелерді жобалау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
ҚАЗ
РУС
ENG