АУЫЛДЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР БОКСШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ҮЙЛЕСТІРУ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР

Авторлар

  • Ахметов Рустем Әбдіжаппарұлы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ. https://orcid.org/0000-0002-0677-6307
  • Тахир Хазир Хаджеттепе университеті, Түркия Республикасы, Анкара қ. https://orcid.org/0000-0002-0048-0281

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.020

Түйінді сөздер:

кәсіби құзыреттілік, болашақ педагог, цифрлық технологиялар, арт-технология, шығармашылық ойлау, білім беру ортасы

Аннотация

Мақалада болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық және практикалық негіздері қарастырылған. Қазіргі қоғамдағы білім беру жүйесі жаңа сапалық деңгейге өтіп, мұғалімнің кәсіби рөлі түбегейлі өзгеріп келеді. Осы тұрғыда болашақ педагогтің кәсіби дамуы, оның цифрлық және шығармашылық құзыреттерін қалыптастыру – жоғары педагогикалық білім берудің стратегиялық бағыты болып табылады. Зерттеудің мақсаты – болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда цифрлық және арт–технологияларды интеграциялау арқылы оқыту үдерісін жетілдірудің тиімді жолдарын анықтау. Автор кәсіби құзыреттіліктің құрылымын танымдық, технологиялық және тұлғалық компоненттер тұрғысынан талдайды. Мақалада цифрлық симуляциялар, дизайн–жобалау әдістері, интерактивті платформалар мен визуалды коммуникация құралдарын қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері ашылады. Мұндай тәсілдер студенттердің дербестігін, сыни және шығармашылық ойлау қабілеттерін, кәсіби рефлексия дағдыларын дамытуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, зерттеу барысында алынған нәтижелер студенттердің кәсіби белсенділігін арттырумен қатар, олардың заманауи мектеп жағдайына бейімделу қабілетін күшейтетіні дәлелденген. Автор болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесіне тәжірибеге бағытталған және интегративті тәсілдерді енгізудің маңыздылығын атап өтеді. Мақала соңында педагогикалық жоғары оқу орындарында цифрлық орта мен шығармашылық жобалау элементтерін ұштастырудың білім сапасын арттырудағы әлеуеті туралы қорытындылар жасалған.

##plugins.generic.usageStats.downloads##

##plugins.generic.usageStats.noStats##

Жүктеулер


Аннотацияны қарау саны: 16

Жарияланды

30.12.2025