СПОРТШЫЛАРДЫҢ ОҚУ–ЖАТТЫҒУ ПРОЦЕСІНДЕ ФРУСТРАЦИЯНЫҢ КӨРІНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.116.3.017Түйінді сөздер:
Спортшылар, оқыту үрдісі, бағалау, фрустрация, теория, кедергілер, психология, әдістер, статистикалық өңдеуАннотация
Мақалада спортшылардың оқу үдерісіндегі фрустрация көріністері әртүрлі қырынан
қарастырылады. Фрустрациялық жағдайлар көбінесе спортшылардың жарыс барысында кездесетін
кедергілермен байланысты зерттелген. Алдағы уақытта бұл бағыттағы зерттеулердің ауқымы кеңейіп,
фрустрациялық күйге байланысты белсенділік танытатын жағдайлар жан–жақты талданатын болады.
Алайда, мұндай жағдайлар фрустрация ұғымының шекарасын толық қамти алмайды. Фрустрация
терминін түсіндіруге қатысты біраз айқын еместік бар: бұл ұғым сыртқы факторлармен (жағдайлармен)
байланысты ма, әлде олардың туындататын психикалық күй немесе жеке реакцияларымен бе?
«Фрустрация» терминінің мағынасын ашу да оңай емес. Этимологиялық тұрғыдан алғанда, frustration сөзі
жоспардың бұзылуын, мақсаттың жойылуын, яғни белгілі бір деңгейде сәтсіздікке ұшырау арқылы пайда
болатын травматикалық жағдайды білдіреді. Фрустрацияның филологиялық түсіндірмесі спортшылардың
оқу–жаттығу процесінде жиі ұшырасатын, бірақ әрқашан нақты қабылдана бермейтін құбылысқа сай
келеді. Бұл құбылыстың көріну формалары спортшылардың өмірлік қиындықтарға төтеп беру қабілетімен
және сол қиындықтарға деген психологиялық реакцияларымен тікелей байланысты. Осыған орай, мақалада
қолданылған эмпирикалық зерттеу аясында келесі әдістемелер пайдаланылды: 1. Розенцвейгтің
фрустрацияға реакция беру тесті және А.Н. Леонтьевтің өмірлік–мағыналық бағдар тесті; 2. Лазарус
ұсынған стресс деңгейін бағалау тесті және дифференциалды эмоциялар шкаласы (ДЭШ); 3. Томас
Килманның қақтығыстарды шешу стратегиялары шкаласы; 4. Л.И. Вассерманның «Әлеуметтік
фрустрация деңгейін анықтау» әдістемесі (В.В. Бойко модификациясы).
Зерттеу нәтижелері сауалнама деректері негізінде спортшылардың фрустрациялық жағдайларға
бейімділік деңгейін, олардың өмірлік құндылықтарға деген қатынасын және ішкі психологиялық
тұрақтылық дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.
ҚАЗ
РУС
ENG