ХИМИЯДАН СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.116.3.003Түйінді сөздер:
STEM-PjBL, зерттеу дағдылары, жобалық оқыту, ғылыми әдіснама, практикалық дағдыларАннотация
Бұл зерттеу жұмысының мақсаты – студенттердің зерттеу дағдыларын дамытуда STEM-PjBL (ғылым, технология, инженерия және математикаға негізделген жобалық оқыту) моделін қолданудың тиімділігін талдау. STEM және PjBL әдістерінің интеграциясы студенттердің теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруына, ғылыми-зерттеу жүргізу тәжірибесін игеруіне, дербес және топтық жұмыс жасау қабілеттерін дамытуына, сондай-ақ зертханалық сауаттылығын жетілдіруіне мүмкіндік берді. Экспериментке екінші курс студенттерінің 18-і қатысып, үш негізгі жобалық-зертханалық тапсырманы орындады: судың кермектілігін анықтау, тұздың тазалығын тексеру және металдардың коррозиясын зерттеу. Студенттердің когнитивтік және практикалық дағдыларын кешенді бағалау үшін сауалнама, практикалық тапсырмалар және сұхбат әдістері қолданылды.
Нәтижелер STEM-PjBL моделінің студенттердің ғылыми ойлауын, зертханалық сауаттылығын, ғылыми коммуникациясын және дербес шешім қабылдау қабілеттерін айтарлықтай арттырғанын көрсетті. Сонымен қатар, модель топтық талқылаулар барысында шығармашылық ойлау мен бірлескен мәселені шешу дағдыларын дамытатыны анықталды. Жалпы алғанда, STEM-PjBL моделін химияны оқыту үдерісіне енгізу теориялық білім мен тәжірибені ұштастыруға, зерттеу дағдыларын дамытуға және студенттердің академиялық жетістіктерін арттыруға ықпал ететін тиімді педагогикалық тәсіл ретінде бағаланды.
ҚАЗ
РУС
ENG