ӨҢІРЛІК КОМПОНЕНТКЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЭЛЕКТИВТІ КУРС АРҚЫЛЫ КОЛЛЕДЖ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

  • Рамазанова Мерейлі Қайратқызы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ. https://orcid.org/0009-0006-0161-8701
  • Китапбаева Алмаш Анашбаевна С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ. https://orcid.org/0000-0002-8039-8594

DOI:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2026.119.2.020

Түйінді сөздер:

кәсіби білім беру, ғылыми-зерттеу құзыреттілігі, педагогикалық тәжірибе, оқу процесін зерттеу, оқыту әдістері, оқыту формалары

Аннотация

Мақалада қоғамның негізгі дамытушы тетіктерінің бірі ретінде кәсіптік білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу құзыреттілігін өңірлік компонент негізінде қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, кәсіптік білім беруді модернизациялау қажет, яғни болашақ маман қоғамның бүгінгі заман талаптарына толық сай болуы керек. Қарыштап дамыған әлемдік инновациялар ең алдымен ғылыми капиталды қалыптастыруды қажет етуде. Сондықтан болашақ мамандар бойында ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру өзекті тақырып болып отырғаны анық. Зерттеудің мақсаты – дәрілік өсімдіктерді оқыту үдерісінде пайдалану арқылы білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру тиімділігін анықтау. Зерттеу барысында педагогикалық бақылау, сауалнама, тәжірибелік жұмыс және нәтижелерді салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Мақалада кең көлемде тақырыпқа сай әдеби  деректер сараланып, ғылыми-зерттеу құзыреттілігі ұғымының мәні ашылып, талдау жасалады.  Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы Жоғары колледж базасында «Зертханалық технология» мамандығының 1-2 курсының 54 білім алушысы эксперимент және бақылаушы топтар ретінде «Дәрілік өсімдіктерді өңірлік компонент ретінде қолдана отырып білім алушылардың ғылыми зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру»  атты элективті курс негізінде педагогикалық зерттеуге қатысты. Колледж базасында ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастырудың  практикалық негіздері талданып, дағдылар негізгі 3 аспект бойынша бағаланды: коммуникативтік, зерттеушілік, мотивациялық. Педагогикалық зерттеу аясында эксперименттік топта  барлық аспектілер бойынша негізгі дағдылар орта есеппен 20% жақсарғанын көрсетсе, бақылау тобында аз деңгейде өзгеріс болды. Бұл зерттеу жұмысы элективті курс арқылы білім беру процесіне кіріктірілген тәжірибеге бағытталған модельдің нәтижелігін растайды. Алынған нәтижелер кәсіптік білім беру ұйымдарында, ЖОО орындарында пайдалануы мүмкін.

Жүктеулер

Жүктеу деректері әзірге қолжетімсіз.

Авторлардың өмірбаяны

Рамазанова Мерейлі Қайратқызы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ.

Докторант, Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (Қазақстан, Өскемен қ., e-mail: mereili.ramazanova@yandex.kz, ORCID: https://orcid.org/0009-0006-0161-8701).

Китапбаева Алмаш Анашбаевна, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Қазақстан Республикасы, Өскемен қ.

Биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (Қазақстан, Өскемен қ., e-mail: kitapbaeva_a@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-8039-8594).

Жүктеулер


Аннотацияны қарау саны: 11

Жарияланды

30.06.2026