ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК БІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МОДЕЛІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.005Түйінді сөздер:
коммуникативтік білік, электронды оқыту құралдары, білім беру үрдісі, білім сапасы, жоғары білім беру, физиканы оқыту, физика мұғаліміАннотация
Педагог қызметі тұлғааралық қарым-қатынаспен тығыз байланысты. Осыған орай, коммуникативтік білік мұғалім қызметіндегі маңызды рөлдердің бірін атқарып, педагогикалық шеберліктің негізгі құрамдас бөлігі болып саналады.
Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы олардың пәнге деген қызығушылығына, демек олардың үлгеріміне тікелей әсер етеді. Бұл тұжырым физика пәніне де таралады. Физиканы оқыту үшін пәнді жоғары деңгейде біліп қана қоймай, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларына, білім беру процесінің субъектілерімен қарым-қатынас орнату қабілетіне, сондай-ақ дамыған эмпатияға ие болу керек. Бұның бәрін физика мұғалімінің коммуникативтік білігіне жатқызуға болады.
Қазіргі уақытта болашақ мұғалімдердің коммуникативтік білігін қалыптастыруда түрлі әдістер мен құралдар қолданылып келеді, бірақ олардың ішінде электронды оқыту құралдарын ерекше атап өтуге болады. Аталған құралдарды түрлі жолмен қолдануға болады, бұл оларды білім беру процесіндегі әмбебап құралға айналдырады.
Бұл ғылыми мақалада электронды оқыту құралдарын пайдалану арқылы болашақ физика мұғалімдерінің коммуникативтік біліктерін қалыптастырудың моделі ұсынылған. Зерттеу физиканы оқыту саласындағы тиімді коммуникацияға деген артып келе жатқан қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған. Мақаланың мақсаты – осы модель компоненттерін және оның физиканы оқытудағы ықтимал әсерін зерттеу.
Аталған зерттеу білімге технологияларды кіріктіру бойынша зерттеулерді толықтырып, болашақ физика мұғалімдерінің коммуникативтік білігін қалыптастырудағы электронды оқыту құралдарының әлеуетті артықшылықтарын түсінуге мүмкіндік береді.
ҚАЗ
РУС
ENG