ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУ МОДЕЛІ: ТДМ 4 АЯСЫНДА

Авторлар

  • Есимханова Куттыкыз Канышовна Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0005-9057-7886
  • Мукатаева Жазира Сагатбековна Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-1584-5810

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.116.3.012

Түйінді сөздер:

тұрақты даму мақсаттары, инклюзивті білім беру, ойын технологиялары, әдіс, химия

Аннотация

Есту қабілеті бұзылған студенттердің санының артуы білім беру үдерісінде, әсіресе химия пәнін оқытуда, оқытушылар үшін бірқатар қиындықтар туғызады. Бұл, бір жағынан, химиялық ұғымдардың күрделі әрі контекстке тәуелді болуымен байланысты. Бұл зерттеудің мақсаты – есту қабілеті бұзылған студенттерді оқу үдерісіне тартуда дәстүрлі әдістерге қарағанда тиімдірек стратегияларды анықтап, инклюзивті білім беруді дамытуға үлес қосу. Зерттеу Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің 1-курс студенттері арасында жүргізілді. Зерттеуге «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алып жатқан 54 студент қатысты. Олар әрқайсысы 27 студенттен тұратын екі топқа бөлініп (эксперимент және бақылау топтары), квази-эксперименттік дизайн негізінде зерттелді. Зерттеу нәтижелері ойынға негізделген оқыту әдісінің есту қабілеті бұзылған студенттер үшін химия пәнін меңгеруде тиімді құрал бола алатынын көрсетті. Бұл тәсіл студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, күрделі ұғымдарды түсінуіне де оң әсер етті. Алынған нәтижелер практикалық тұрғыдан маңызды, себебі инклюзивті сынып жағдайында ойын технологияларын қолдану барлық студенттер үшін, әсіресе мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін, оқыту процесін қолжетімді әрі қызықты етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тәсіл оқушылардың эмоционалды қолдау сезімін арттырып, белсенді қатысуына ықпал етеді. Ойын форматы арқылы ұсынылған оқу материалы оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып бейімделеді, бұл инклюзивті білім берудің негізгі қағидаттарына толық сай келеді. Болашақ зерттеулерде ойын технологиясының ұзақ мерзімді әсерін, әртүрлі пәндер мен білім беру жағдайларындағы тиімділігін зерттеу маңызды. Сондай-ақ, түрлі жастағы және білім деңгейіндегі студенттермен жүргізілетін салыстырмалы зерттеулер арқылы бұл әдістеменің әлеуетін тереңірек ашуға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.10.2025