БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ӘНШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ (ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

  • Шыныбаев Серикбол Тулеутаевич І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0001-8688-5206
  • Таубалдиева Жуматай Шонкеновна І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0003-4587-8282
  • Онгарбаева Слушаш Сабитовна І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0002-1258-1952

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.116.3.020

Түйінді сөздер:

болашақ музыка мұғалімі, әншілік дағды, қазақ халық әндері, вокалдық дайындық, педагогикалық шарттар, кәсіби даярлық, ұлттық мәдениет

Аннотация

Қазіргі қоғамда ұлттық бірегейлікті сақтау және мәдени мұраны ұрпақтан–ұрпаққа
жеткізу мәселесінің өзектілігі артуда. Осы тұрғыда, білім беру жүйесі ұлттық құндылықтарды
насихаттаудың негізгі институт. Мақалада болашақ музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби даярлығында
қазақтың бай ән өнерін пайдаланудың тиімділігі ғылыми тұрғыдан негізделген. Зерттеудің мақсаты – қазақ
халық әндерін қолдану негізінде болашақ музыка мұғалімдерінің әншілік дағдыларын дамытуға әсер ететін
педагогикалық шарттарды анықтау және олардың тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеу барысында педагогикалық шарттар ретінде мынадай мәселелер қарастырылды: қазақ
әндерінің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескере отырып, оқу бағдарламасына сәйкес вокалдық
репертуарды іріктеу; студенттердің жеке ерекшеліктеріне сай сараланған оқыту әдістерін қолдану және
қазақ әндерінің интонациялық құрылымын, орындаушылық дәстүрін, сондай–ақ, бейнелік мазмұнын терең
талдау. Сонымен қатар, қазақ әндерінің ұлттық колориті мен эмоционалдық тереңдігі вокалдық техниканы
жетілдіруге және көркемдік интерпретацияны дамытуға ықпал ететін маңызды құрал ретінде
қарастырылады. Әншілік дағдыларды жетілдіру барысында ұлттық нақышты сақтай отырып, вокалдық
техника, интонация мен музыкалық–мақсатты ойлауды дамыту ерекше назарға алынды.
Зерттеу нәтижелері қазақ ән мұрасын оқу үдерісіне жүйелі түрде енгізу болашақ мұғалімдердің
тек кәсіби–шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, олардың ұлттық мәдениетке деген
қызығушылығын, рухани–адамгершілік құндылықтарын және кәсіби өзіндік санасын қалыптастыруға оң
әсер ететінін көрсетті. Осылайша, қазақтың ән өнері музыка мұғалімдерін даярлауда маңызды
дидактикалық және тәрбиелік ресурс ретінде ғылыми тұрғыдан негізделген. Бұл жұмыс музыка
педагогикасының теориясы мен практикасына, сондай–ақ, ұлттық музыкалық мәдениетті насихаттау
ісіне өз үлесін қосады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.10.2025