ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

Авторлар

  • Кастеева Гульмира Далелхановна І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0001-6536-6933
  • Есенгабылов Ильяс Жансеркенович І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0003-2344-7633

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.116.3.011

Түйінді сөздер:

электронды оқыту, сандық технологиялар, заманауи білім беру жүйесі, аралас оқыту, оқу процесін ұйымдастыру

Аннотация

Бұл зерттеу жұмысы курстарды өткізу үшін Moodle платформасын пайдалана отырып электронды оқыту үлгісін жасауға бағытталған. Дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырғанда, студенттерге өзін-өзі оқытуға мүмкіндік берудің көптеген артықшылықтары бар екендігі белгілі. Олар кез келген жерде және уақытта қол жетімді онлайн дәрістерді меңгере отырып, өздерінің оқу процесінің жақсарғанын көресете алды. 42 студент арасында жүргізілген сауалнама келесі нәтижелерді көрсетті: біріншіден, Moodle платформасына негізделген электронды оқыту моделі өзінің тиімділігін дәлелдеді; екіншіден, Moodle-дің демонстрациялық үлгісі студенттердің оқу процесіне белсенді қатысуына ықпал етеді; үшіншіден Moodle жүйесіндегі демонстрациялық материалдардың мазмұны нәтижелі оқу ортасын қалыптастырып, білім алушылардың белсенділігін арттырады.

Moodle платформасындағы электронды оқыту мазмұны студенттер үшін өте тиімді екенін және әзірленген электронды оқыту үлгісі осы тиімділік принциптеріне негізделіп жасалынғанын көрсетеді. Электронды оқытудың артықшылықтары ретінде икемділік, қолжетімділік және жекелендірілген оқыту мүмкіндігі айқындалды. Дегенмен, бұл модель дәстүрлі оқытуды толық алмастыра алмайды, тек оны толықтырады. Зерттеу қорытындысы бойынша Moodle платформасы білім сапасын арттыруға, оқу процесін жандандыруға және студенттердің өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін тиімді құрал екені анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

30.10.2025