БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН РЕФОРМАЛАУ: ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Авторлар

  • Тұрлыханқызы Құралай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0003-1075-6891
  • Хамзина Жанна Амангельдиевна Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0003-0913-2002
  • Бурибаев Ермек Абильтаевич І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0003-0433-596X

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.116.3.018

Түйінді сөздер:

еңбек құқығы, білім беру саласы, құқықтық мәртебе, әлеуметтік әріптестік, еңбек шарты, педагог, құқықтық реттеу, еңбек дауы

Аннотация

Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы еңбек қатынастары құқықтық реформалаудың
өзекті нысанына айналып отыр. Бұл салада қалыптасқан еңбек қатынастарының ерекшелігі – оның тек
экономикалық қырларымен шектелмей, сонымен қатар әлеуметтік, мәдени және адами капиталды
дамытуға бағытталған кешенді сипатқа ие болуында. Қазақстан Республикасындағы педагогтардың
құқықтық мәртебесін айқындау, олардың еңбек құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жетілдіру, сондай
ақ білім беру ұйымдарында әлеуметтік әріптестік механизмдерін енгізу қажеттілігі білім беру жүйесін
жаңғыртудың маңызды алғышарттарының бірі ретінде қарастырылады.
Аталған зерттеу жұмысының мақсаты – білім беру саласындағы еңбек қатынастарын құқықтық
тұрғыдан реформалаудың бағыттарын, әлеуметтік әріптестік институтының рөлін және құқықтық
реттеудің тиімді тетіктерін ғылыми негіздеу. Зерттеуде халықаралық тәжірибе мен ұлттық құқықтық
базаның салыстырмалы–талдамалық шолуына сүйене отырып, білім беру қызметкерлерінің еңбек
құқықтарын қамтамасыз етудегі кемшіліктер мен құқықтық олқылықтар айқындалады. Сонымен қатар,
педагогтардың әлеуметтік қорғалуын арттыру және еңбек дауларын шешудегі құқықтық кепілдіктерді
күшейту жолдары ұсынылады. Мақалада еңбек құқығы мен білім беру құқығының түйісу нүктесінде пайда
болатын күрделі құқықтық қатынастарды кешенді түрде реттеу қажеттілігі атап көрсетіліп, осы салада
әлеуметтік әріптестік механизмдерін (ұжымдық шарттар, келісімдер, кәсіби бірлестіктер мен
кәсіподақтардың рөлі) дамыту перспективасы ғылыми тұрғыда талданады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.10.2025