САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕ (ТДМ 4) ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Авторлар

  • Мұхамбетәлиева Зухра Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0006-7791-315X
  • Зейнолла Сауле Нархоз университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-9504-9629
  • Узакова Асем Бакитжановна Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-9664-0912
  • Кокталов Нурдос Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0004-7636-7674

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.116.3.015

Түйінді сөздер:

кәсіби құзыреттілік, жасанды интеллект, білім беру, педагог, сапалы білім, тұрақты даму

Аннотация

Бұл мақалада білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні (ЖИ) қолданудың педагогикалық, әдістемелік және этикалық қырлары қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4-мақсаты – «Сапалы білім» аясында айқындалады, себебі жасанды интеллект білім беру сапасын арттыруға, инклюзивтілікті қамтамасыз етуге және білім алушыларға жеке оқу траекториясын ұсынуға зор мүмкіндік береді. Мақалада ЮНЕСКО, ЭЫДҰ, Еуропалық комиссия және Еуропалық парламент құжаттарына жасалған талдаулар ұсынылып, білім беру жүйесінде жасанды интеллект құралдарын қолданудың артықшылықтары мен шектеулері анықталған. Зерттеу әдіснамасы квантитативті контент-талдауға негізделді, ал эмпирикалық дерек көзі ретінде «Aitalim» платформасының пайдаланушыларына қатысты деректер қарастырылды.

Нәтижелер жасанды интеллект құралдарының педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, функционалдық сауаттылығын дамытуға және сабақ мазмұнын дайындау тиімділігін жоғарылатуға ықпал ететінін көрсетті. Сонымен бірге, жасанды интеллект құралдарын білім беруде интеграциялау білім алушылардың шығармашылығын, ынтымақтастығын дамытуға, сондай-ақ бағдарламалау, машиналық оқыту және этика негіздерін меңгеруге көмектесетіні атап өтілді. Мақалада DigCompEdu еуропалық шеңбері мен ISTE стандарттары талданып, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастырудағы маңызы ашылды. «Aitalim» платформасының тест құрастыру тәжірибесі мұғалімдерге оқу тапсырмаларын автоматтандыруға, уақытты үнемдеуге және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні көрсетілді. Қорытындылай келе, жасанды интеллект білім беру саласында педагогикалық тәжірибені жаңа деңгейге көтеретін қуатты құрал болып табылады. Дегенмен, оны тиімді қолдану үшін этикалық, құқықтық және әдістемелік тұрғыда кешенді дайындық қажет.

##plugins.generic.usageStats.downloads##

##plugins.generic.usageStats.noStats##

Жүктеулер


Аннотацияны қарау саны: 67

Жарияланды

30.10.2025