ДЕНЕ МАССАСЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ОРТА МЕКТЕПТІҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ОҚЫТУДЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСІН ЕНГІЗУ

Авторлар

  • Абдулаева Әйгерім Бекмұханбетқызы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0003-0089-7615
  • Жанатбекова Назым Жанатбеккызы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0002-4425-5692
  • Сакибаева Бэла Разаховна І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0002-6420-1552
  • Жақпаев Қуаныш Раимбекұлы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ. https://orcid.org/0000-0002-6092-8084

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.116.3.002

Түйінді сөздер:

зерттеу әдісі, физика бойынша зертханалық жұмыстар, дене массасын анықтау, ғылыми жұмыс дағдылары, тербеліс

Аннотация

Зерттеу мақсаты - зерттеу сипатындағы оқу-эксперименттік жұмыс негізінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту әдістемесін негіздеу. Мектепте физика бойынша оқу-эксперименттік жұмыс жүргізу зерттеуді жоспарлау, оны ұйымдастыру, нәтижелерді ұсыну, өңдеу, талдау және қорытынды жасау сияқты зерттеу қызметінің элементтерін пысықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл оқушылардың зерттеушілік ойлауын дамытуға және субъективті жаңа білім алу негізінде білім беру процесінде жеке ұстанымын белсендіруге бағытталған. Зерттеу мақсатын іске асыру және қойылған міндеттерді шешу үшін бірқатар қосымша әдістер қолданылды: зерттелетін мәселенің өзектілігін және оның теориялық негіздерін анықтау мақсатында ғылыми зерттеулерді талдау; экспериментке дейінгі зерттеу әдісі.  Бұл зерттеуде негізгі тұжырымдама үшке бөлінді: 1) массаны анықтау, 2) тербеліс және 3) маятниктің қарапайым тербелісі. Зерттеуде алдын ала және кейінгі тестілеудің бір топтық схемасы қолданылды. Зерттеуге Талдықорған қаласының жалпы білім беретін мектебі IX сыныбының 28 оқушысы қатысты. Оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіру процесі үш тұжырымдама бойынша тестілеуге дейінгі және кейінгі нәтижелерді қалыпқа келтірілген талдау негізінде зерттелді. Зерттеу нәтижелері физика бойынша оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың зерттеу әдісін қолданудың тиімділігін көрсетті. Зерттеудің ғылыми жаңалығы оқу-зерттеу қызметі процесінде оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіру процесін кезең-кезеңімен басқарудың объективті дидактикалық шарттарымен әдістерін анықтау болып табылады. Мақала физиканы оқыту кезінде оқушылардың зерттеу қызметін дамыту мәселелерімен айналысатын мұғалімдерге, ғылыми қоғамға арналған.

Жүктеулер

Жарияланды

30.10.2025