«ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» ЖЫРЫНДАҒЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚҰРАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.117.4.011Түйінді сөздер:
Отансүйгіштік, тәрбие, дене тәрбиесі, батырлық, адамгершілік, мергендік, ұлттық ойындар, дене қасиеттері, денсаулық пен амандықАннотация
Зерттеудің мақсаты – қазақ халқының ежелгі эпостық жырларының бірі «Қобыланды батыр» жыры негізінде өскелең ұрпақты патриотизмге, батырлық рухқа тәрбиелеу. Зерттеу идеясы – Қобыландының батырлық тұлғасы арқылы ерлік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, табандылық сияқты қасиеттерді жастардың бойына сіңіріп, оларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу. Негізгі бағыт – жыр мәтініндегі дене тәрбиесі құралдарын ғылыми-педагогикалық тұрғыда жүйелеу, тәрбиелік мәнін ашып көрсету. Ғылыми маңыздылығы – «Қобыланды батыр» жырының көркемдік маңызын ғана емес, сонымен қатар дене тәрбиесіне қатысты ұғымдар негізінде жас ұрпақтың ойлау қабілетін дамытудағы оның ішкі мазмұнының әлеуетін көрсету. Практикалық маңыздылығы – жырдағы мергендік, шабандоздық, жылдамдық, төзімділік, балуандық, қайсарлық, ептілік сияқты дене тәрбиесіне қатысты ұғымдарды талдай отырып, оларды оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың тетіктерін ұсынуда. Зерттеу кезінде мәтіндік талдау, салыстырмалы талдау, сауалнама жүргізу әдістері пайдаланылды. Жыр мазмұны құрылымдық және семантикалық тұрғыдан зерттеліп, ондағы дене тәрбиесіне қатысты ұғымдар жинақталып, олардың жастарды тәрбиелудегі ықпалы мен педагогикалық маңызы анықталды. Зерттеу нәтижесінде «Қобыланды батыр» жырының жастарды ұлттық рухқа, батырлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды орын алатындығы дәлелденді. Батырдың биік тұлғасы арқылы жастар арасында оқу-тәрбиелік жұмысты жүйелі жүргізу – оқушылардың бойында Отанды қорғаудың ұлттық рухын оятып, ұлттық мінез-құлық пен ар-намысты қалыптастыруға ықпал ететіндігі анықталды. Қорытындысында, Қобыланды батыр жырын – дене тәрбиесінің тиімді құралы ретінде оқу-тәрбие үдерісінде қолдану ұсынылды. Зерттеудің мәні – «Қобыланды батыр» жырының мәтінін терең зерделеу негізінде халық ауыз педагогикасындағы дене тәрбиесіне қатысты ұғымдардың тәрбиелік мәні айқындалды. Бұл зерттеу арқылы Қобыланды батыр жыры халықтың бай мұрасы ғана емес, жас ұрпақтың бойында ұлттық рухты, батырлық болмысты, жауынгерлік дайындықты дарытуда орасан зор тәрбие құралы екендігі ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негізделді. Зерттеудің практикалық маңызы – зерттеу барысында ұсынылған әдіснамалық және мазмұндық бағыттар оқу орындары мен білім беру ұйымдарында, Отансүйгіштікке бағытталған кешенді іс-шараларда, дене тәрбиесі сабақтары мен спорттық үйірмелерде тиімді қолдануға болады. Сонымен қатар, «Қобыланды батыр» жырындағы дене тәрбиесі құралдарын пайдалана отырып, өз елін шынайы сүйетін, салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтейтін тұлғаны тәрбиелеуге зор үлес қосуға ықпал етеді.
ҚАЗ
РУС
ENG