МЕКТЕПТЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА БАҚЫЛАУ КАРТАЛАРЫ МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ТИІМДІЛІГІ

Авторлар

  • Ермаханов Бағлан Өмірзақұлы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан Республикасы, Түркістан қ. https://orcid.org/0000-0003-1203-2280
  • Есіркепов Жандос Мергенбайұлы Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Қазақстан Республикасы, Түркістан қ. https://orcid.org/0000-0003-2542-6246
  • Маханбет Ержан Тайбағарұлы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақстан Республикасы, Ақтау қ. https://orcid.org/0009-0005-4015-3807
  • Куанышбаев Бахытжан Жанадилович Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан Республикасы, Түркістан қ. https://orcid.org/0009-0003-0927-098X
  • Рахымжанов Алпамыс Орынтаевич Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан Республикасы, Түркістан қ. https://orcid.org/0000-0001-7261-8641

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.116.3.010

Түйінді сөздер:

Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт, педагогикалық бақылау және талдау, біліктілік арттыру, салауатты өмір салты, карточка, денсаулық пен амандық

Аннотация

Зерттеудің мақсаты – мектептердегі дене тәрбиесі сабағында салауатты өмір салтын қалыптастыруды дамыту бағытында арнайы дайындалған педагогикалық бақылау мен бағалау карталарын оқу үдерісінде тиімді қолдануды ғылыми тұрғыдан негіздеу. Жұмыстың басты идеясы – дене тәрбиесі пәнінің мазмұнын жетілдіруде педагогикалық бақылау құралдарының қажеттілігін тану, оқушыларды салауатты өмір салтына баулуға негізделген әдістемелік ұсыныстарды жүйелеу. Зерттеудің негізгі бағыты – дене тәрбиесі пәнін талдау және бағалаудың озық әдістерін анықтау негізінде сабақ мазмұнын сапалық тұрғыдан жетілдіру. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы - дене тәрбиесі сабағының сапасын жаңарту мақсатында бақылау және бағалау карталарын пайдаланудың теориялық және әдістемелік негізін қалыптастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытуға, оқушыларды салауатты өмір салты дағдыларына жүйелі түрде баулуға ықпал етуінде. Практикалық маңыздылығы - ұсынылған бақылау және бағалау карталарын тәжірибеге ендіру негізінде сабақ мазмұнын дамытуға, мұғалім жұмысының сапасын жетілдіруге, оқушылардың қызығушылығын арттыруға ықпал етуінде. Зерттеу жұмысында келесі әдістер пайдаланылды: педагогикалық бақылау, салыстырмалы талдау, сауалнама жүргізу, алынған деректерге сандық және сапалық өңдеу жүргізу. Тәжірибелік жұмыс дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы шеңберінде ұйымдастырылды. Зерттеу нәтижесінде дене тәрбиесі сабағында қолданылған бақылау карталары сабақ құрылымын мақсатты түрде ұйымдастыруға, сабақ мазмұнын арттыруға, оқушылардың сабаққа қызығушылықпен қатысуын жоғарылатуға ықпал ететіні дәлелденді. Салыстырмалы талдау нәтижелері - мұғалімдер педагогикалық бақылауды жүйелі түрде жүргізу негізінде күнделікті оқу үдерісінде өз жұмыстарына талдау жасай алатынын және оқушылардың дене тәрбиесіне ынта-ықыласының артатынын көрсетті. Қорытындысында - ұсынылған бақылау құралдары сабақтың мазмұны мен сапасын көтеруге оң әсер ететіндігі айқындалды. Бұл зерттеу жұмысы оқу үдерісінде педагогикалық бақылау мен бағалаудың жаңа үлгілерін енгізудің тиімділігін ғылыми негізде дәлелдейді. Бақылау карталары арқылы мұғалімнің кәсіби қызметін жетілдіру және оқушылардың мотивациясын арттыру сияқты маңызды аспектілер зерделеніп, тәжірибе негізінде нақты нәтижелерге қол жеткізілді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.10.2025