БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.115.2.006Түйінді сөздер:
педагогикалық коммуникациялар, кәсіби қалыптасу, педагогикалық мамандықтардағы студенттер, білім беру өзара әрекеті, кәсіби сәйкестік, коммуникативтік дағдылар, кері байланыс, сауалнама, педагогикалық білімАннотация
Бұл зерттеудің мақсаты – болашақ педагогтардың кәсіби қалыптасуындағы педагогикалық коммуникациялардың рөлін зерттеу. Соңғы онжылдықтарда білім беру үдерісінің осы аспектісіне қызығушылық артып келеді, себебі ол кәсіби құзыреттер мен студенттердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді. Зерттеу барысында педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттердің педагогикалық коммуникацияны қабылдауын анықтау үшін сауалнама әдісі қолданылды. «Студенттердің көзімен қарағандағы педагогикалық коммуникациялар» атты сауалнама 8 сұрақтан тұрды, олар студенттердің оқытушылармен және қатарластарымен қарым-қатынасқа деген көзқарасын және осы өзара әрекеттердің кәсіби дамуына әсерін анықтауға бағытталды. Зерттеуге 50 студент қатысты, нәтижелер көрнекілік үшін кестелер мен диаграммалар түрінде ұсынылды. Деректерді талдау нәтижесінде студенттердің басым бөлігі (92%) оқытушылармен қарым- қатынасты оқу үдерісінің маңызды бөлігі деп есептейтінін көрсетті, ал 88% студент оқу ортасындағы коммуникация олардың болашақ мамандыққа деген сенімділігіне оң әсер ететінін атап өтті. Позитивті бағаларға қарамастан, респонденттердің 40%-ы топ ішіндегі коммуникацияда қиындықтар барын атап өтті, бұл өзара қарым-қатынас дағдыларын дамытудың қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар, студенттердің 69%-ы оқытушылардан үнемі кері байланыс алып отыратынын, бұл олардың мотивациясы мен кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ететінін айтты. Алайда, респонденттердің үштен бір бөлігіне жуығы жеткілікті кері байланысты сезінбейтінін көрсетті, бұл педагогикалық стратегияларды жетілдірудің әлеуеті бар екенін білдіреді. Бұл зерттеу педагогикалық коммуникациялардың болашақ педагогтардың кәсіби қалыптасуындағы негізгі фактор екендігін айқындайды. Нәтижелер оқу ортасында ашық және сенімді атмосфера қалыптастырудың, сондай-ақ эмоциялық интеллект пен өзара қарым-қатынас дағдыларын дамытудың маңыздылығын растайды. Алынған мәліметтер білім беру ортасын жақсартуға және педагогикалық дайындық сапасын арттыруға бағытталған әдістемелерді әзірлеуде, сондай-ақ осы саладағы болашақ зерттеулер үшін пайдалы болуы мүмкін.
ҚАЗ
РУС
ENG