ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ БІЛІМ МЕНЕДЖМЕНТІ ҚАҒИДАТТАРЫН ЕНГІЗУ

Авторлар

  • Жанысбаева Самал Бабаевна І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ https://orcid.org/0009-0003-2650-3546

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.115.2.014

Түйінді сөздер:

педагогикалық кадрлар, мемлекеттік басқару, білім менеджменті, кәсіби даму, білім сапасы, статистика, Қазақстан

Аннотация

Бұл мақалада педагогикалық кадрларды даярлау үдерісіне мемлекеттік басқару мен білім менеджменті қағидаттарын енгізудің теориялық және қолданбалы негіздері қарастырылады. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар жағдайында болашақ педагогтарды сапалы даярлау, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және білім беру ұйымдарын тиімді басқару өзекті мәселе болып отыр. Автор білім беру саласын басқаруда заманауи менеджмент құралдарын қолданудың маңыздылығын атап көрсетіп, педагог кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталған тәсілдерді ұсынады. Мақалада педагогикалық кадрларды даярлау жүйесінің тиімділігіне әсер ететін факторлар мен басқару құрылымдары талданады. Сонымен қатар педагог кадрлардың кәсіби дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық қадамдар мен мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Зерттеу барысында педагогикалық кадрларға бөлінетін мемлекеттік бюджет көлеміне экономикалық тұрғыдан талдау жүргізіліп, олардың кәсіби дамуына бағытталған бағдарламалар статистикалық деректер негізінде сипатталады. Автор педагогикалық кадрларды даярлауда білім менеджментінің алатын орны мен оның білім беру сапасына тигізетін ықпалын дәлелдей отырып, тиімді басқару тетіктерін енгізудің қажеттілігін негіздейді. Зерттеу нәтижелері педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін жаңғырту мен білім беру мекемелерінің басқару сапасын арттыруда білім менеджменті қағидаттарын енгізудің тиімді екенін көрсетеді. Мақала педагогика және білім беру саласындағы басқару мәселелерімен айналысатын мамандарға, зерттеушілерге және білім беру ұйымдарының басшыларына арналған.

Жүктеулер

Жарияланды

26.06.2025