АРНАЙЫ ПӘНДЕР АЯСЫНДА ӨНДІРІСТІК ЖАҒДАЙЛАРДЫ МОДЕЛЬДЕУДІҢ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУҒА ӘСЕРІ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.115.2.013

Түйінді сөздер:

кәсіби құзыреттілік, өндірістік жағдайларды модельдеу, колледж студенттері, арнайы пәндер, оқытудың белсенді әдістері, эксперименттік оқыту, кәсіби ойлау, мамандар даярлау

Аннотация

Зерттеудің мақсатыарнайы пәндерді оқыту барысында өндірістік жағдайларды модельдеудің колледж студенттерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға әсерін анықтау. Жұмыстың негізгі идеясыстуденттерде практикалық дағдылар мен кәсіби ойлауды қалыптастыруға бағытталған активті оқыту әдісі ретінде модельдеуді қолданудың тиімділігін дәлелдеу. Зерттеудің ғылыми маңыздылығыкәсіби білім берудің теориялық негіздерін өндірістік жағдайларды модельдеудің оқушылардың құзыреттілік деңгейіне әсері туралы жаңа мәліметтермен толықтыруда. Практикалық маңыздылығыұсынылған әдістемелерді колледждердің білім беру процесіне енгізу арқылы мамандар даярлау сапасын арттыру мүмкіндігінде. Зерттеу гипотезасыөндірістік жағдайларды модельдеуді қолдану колледж студенттерінің кәсіби құзыреттілігін дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда жоғары деңгейде қалыптастыруға ықпал етеді. Зерттеу әдістемесіне эксперименталды оқыту кіреді, оның барысында эксперименттік топ студенттері өндірістік жағдайларды модельдеу арқылы сабақтардан өтті, ал бақылау тобы дәстүрлі әдіспен оқытылды. Кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау үшін тест тапсырмалары, сараптамалық бағалау және сауалнама қолданылды. Зерттеу нәтижелері модельдеуді қолдану студенттердің кәсіби құзыреттілігінің айтарлықтай артуына, олардың аналитикалық және практикалық дағдыларының жақсаруына, сондай-ақ кәсіби қызметке дайындығының қалыптасуына септігін тигізетінін көрсетті. Мәліметтерді талдау эксперименттік және бақылау топтары арасында статистикалық маңызы бар айырмашылықты растады. Зерттеу қорытындылары өндірістік жағдайларды модельдеудің колледж студенттерінің негізгі кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал ететін активті оқыту әдісі ретінде жоғары тиімділігін дәлелдейді. Жүргізілген зерттеу кәсіби кадрлар даярлаудың практикалық және әдістемелік тәсілдерін маңызды түрде толықтырады. Зерттеудің жаңалығыәзірленген әдістеменің арнайы пәндердің мазмұны мен даярлау профилінің жергілікті ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан колледжінің нақты жағдайында апробациялануы. Жұмыстың практикалық маңыздылығыколледждердің арнайы пәндеріндегі оқу үдерісіне модельдеуді интеграциялауға бағытталған оқытушыларға арналған ұсынымдар мен әдістемелік материалдар әзірлеуде.

Жүктеулер

Жарияланды

26.06.2025