ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП СТУДЕНТТЕРДІҢ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯДАН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.115.2.007

Түйінді сөздер:

цифрлық технологиялар, заманауи білім беру, қашықтықтан оқыту, инновациялық тәсілдер, жаһандану үдерісі, студенттің өзіндік жұмысы, оқыту стратегиясы, білім беру ресурстары

Аннотация

Бұл мақалада қазіргі білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану ерекшеліктері мен олардың өзекті мәселелері жан-жақты қарастырылады. Қашықтықтан оқыту форматы бүгінгі таңда білім беру үдерісінің ажырамас әрі құрылымдық компонентіне айналып отыр. Ақпаратты қабылдау, өңдеу және тарату үдерістерінің жоғары жылдамдығы цифрлық технологиялардың басымдықтарын айқын аңғартады. Қазіргі заманғы электрондық есептеуіш машиналар, мобильді құрылғылар мен түрлі цифрлық платформалар адам қызметінің өнімділігін арттырып, оқу-тәрбие үдерісінің сапалық сипаттамаларын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Мақалада

«Химия» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге бейорганикалық химия пәнін оқытуда кәсіби білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатындағы өзіндік жұмыстардың маңызы талданады. Аталған оқу элементтері бірнеше кезеңдерге жіктеледі: жаңа теориялық материалды игеру кезіндегі студенттің өзіндік танымдық белсенділігі; алынған білімді тереңдетіп, практикалық міндеттерді шешуге қолдану барысындағы өзіндік әрекет; білім деңгейін тексеру және өзіндік бағалау кезеңіндегі оқу іс-әрекеті. Сонымен қатар, мақалада студенттерге жүргізілген эмпирикалық сауалнама нәтижелері негізінде олардың электронды байланыс құралдары арқылы өзіндік жұмысқа тартылу деңгейі талданған. Сауалнама деректері білім беру үдерісінде студенттердің дербес танымдық белсенділігін арттыру қажеттілігін растайды. Авторлар қашықтықтан және цифрлық форматтағы білім беру жағдайында студенттің өзіндік жұмысы ерекше педагогикалық қолдауды қажет ететінін атап көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

26.06.2025