І. ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «ЖАНТАЛАС» РОМАНЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.115.2.009Түйінді сөздер:
Қазақ хандығы, тарихи роман, көркемдік шындық, тұлғалық әлеует, роман-хроника, бейне, диалог, монологАннотация
Мақалада қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі кеңестік ұстаныммен бағамдалған тарихи тақырыптағы шығармалар мен ондағы орталық кейіпкерлер жайлы пікірлерді зерттей отырып, жаңаша көзқараспен тұжырым жасалады. Себебі ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық-саяси оқиғалар әдебиетке өз әсерін тигізді. «Абай жолынан» басталған тарихи тақырыптағы шығармалардың осы тұста жаңаша сілкініс пен серпіліске ие болғаны, әдебиетке ерекше леп әкелгені І.Есенберлин шығармашылығынан айқын сезіледі. Жазушы шығармашылығының өзегіне айналған орталық кейіпкерлердің дені тарихи тұлғалар. Қаламгерлік қауқар тарихи тұлғаның рухани әлеуетіне үңілумен қатар, тұлғалық болмысына да жоғары ынтамен назар аударған. Тарихи романға арқау болған қазақ тарихында өзіндік орны бар даңқты қайраткер, талантты қолбасшы, үш жүздің басын қосқан Абылай ханның қазақ халқының біртұтастанып, қазақ хандығының нығаюына қосқан үлесін, тұлғалық әлеуетін тануда көркемдік шындық тұрғысынан бейнеленген қырларын жаңаша көзқарас тұрғысынан пайымдауды, талдауды қажет етеді. Тақырыптың өзектілігі осы мақсаттан туындайды. Мақалада роман-хроникадағы дәуір көрінісі мен Абылайдың тұлғалық әлеуетін танытудағы тарихи шындық пен көркемдік шындық арақатынасын қаламгердің көрсете алу мүмкіндігі тұжырымдалды. Тарихи тұлғаны бейнелеудегі көркемдік ізденіс пен шығармашылық шешім сараланды. Қаламгердің портрет жасаудағы шеберлігі мен монолог арқылы орталық кейіпкер психологиясын ашудағы ерекшелігі талданады. Ш.Уәлихановтың очеркінде, жыраулар толғауларындағы, ел аузындағы аңыз-әңгімелерде кездесетін Абылай ханға берілген сипаттаманың романдағы көрінісі айқындалды. Тарихи шығармалар жайлы кең көлемді зерттеулерді басшылыққа ала отырып, өзіндік тұжырым жасалды. Мақаланың теориялық және әдістемелік негізі көркем әдебиет пен тарихқа сүйеніп қисындалды.
ҚАЗ
РУС
ENG