ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫ МЕН АНАЛИТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.115.2.010Түйінді сөздер:
интерактивті әдістер, көлік инфрақұрылымы, экономикалық география, жобалық оқыту, оқу мотивациясы, эксперименттік әдістемеАннотация
Бұл мақалада экономикалық география курсы аясында көлік инфрақұрылымын оқытуда интерактивті оқыту әдістерін қолдану тәжірибесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – интерактивті тәсілдердің студенттердің оқу мотивациясы мен оқу нәтижелеріне ықпалын талдау. Жұмыстың басты идеясы – заманауи педагогикалық технологиялардың танымдық белсенділік, аналитикалық дағдылар және жобалық құзыреттілік қалыптастыруға әсерін анықтау. Зерттеудің өзектілігі – білім беру үдерісін цифрландыру, геоақпараттық технологияларды енгізу және практикалық-бағдарлы оқытуды дамытудың қажеттілігімен байланысты. Ғылыми маңыздылығы – география мамандықтары бойынша студенттерді даярлауда кейс-әдістерді, ГАЖ-картографиялау, жобалық жұмысты және далалық оқытудың элементтерін тиімді қолданудың негізделуінде. Практикалық маңызы – студенттердің оқу жетістіктері мен мотивациялық деңгейін арттыруға ықпал ететін педагогикалық модельді әзірлеумен, сынақтан өткізілуінде көрініс табады. Зерттеу әдіснамасы эксперименттік үлгіге негізделіп, студенттер екі топқа – бақылау және эксперименттік топтарға бөлінді. Эксперименттік топта интерактивті оқыту әдістері оқу процесіне енгізілді, ал бақылау тобы дәстүрлі әдістермен оқытылды. Салыстырмалы талдау кіріспе және қорытынды тестілеуді, жобалық шешімдерге сараптамалық баға беруді және мотивациялық деңгейдің диагностикасын қамтыды. Зерттеу нәтижелері интерактивті әдістердің оқу мазмұнын меңгеру сапасына, жобалық ойлаудың креативтілігі мен негізділігіне, сондай-ақ студенттердің оқу мотивациясының өсуіне оң әсер еткенін көрсетті. Эксперименттік топ барлық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай жақсы нәтижелер көрсетті. Осы зерттеудің құндылығы – география саласындағы педагогикалық практиканы жетілдіруге негізделген тиімді әдістемелік тәсілді ұсынуында. Алынған қорытындылар заманауи білім беру жағдайында тұрақты құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған инновациялық бағдарламаларды әзірлеуде қолданыла алады.
ҚАЗ
РУС
ENG