ҚАШЫҚТЫҚ ФОРМАТТА ОҚЫТУҒА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАЙЫНДАУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.115.2.015Түйінді сөздер:
қашықтықтан оқыту, бастауыш сынып, педагогикалық қолдау, оқуға дайындау, эксперименттік зерттеу, білім беру технологияларыАннотация
Қазіргі білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту форматы тұрақты оқу үдерісінің бір бөлігіне айналды. Бұл жағдай бастауыш сынып оқушыларына ерекше педагогикалық қолдау көрсетуді қажет етеді, себебі олардың оқу дербестігі, цифрлық сауаттылығы және ішкі мотивациясы әлі қалыптасу үстінде. Мақалада бастауыш сынып оқушыларын қашықтық форматтағы оқытуға дайындау барысында педагогикалық қолдаудың тиімділігіне баға беруге бағытталған эксперименттік зерттеу нәтижелері ұсынылады. Зерттеуге екі топтан тұратын (эксперименттік және бақылау) жалпы саны 60 бастауыш сынып оқушысы қатысты. Эксперименттік топқа жүйелі педагогикалық қолдау көрсетілді: цифрлық оқыту құралдарын игеру, оқу тәртібін ұйымдастыру, ата-анамен және мұғаліммен кері байланыс орнату. Зерттеу нәтижелері педагогикалық қолдаудың оқушылардың қашықтық оқуға дайындығын арттыруда айтарлықтай тиімді екенін көрсетті. Мақалада қолданылған әдістер, алынған нәтижелер мен ұсыныстар бастауыш білім беру жүйесінде қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыруға арналған практикалық бағдар ұсынады.
ҚАЗ
РУС
ENG