СТУДЕНТТЕРДІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ БОЛДЫРМАУ ЖӘНЕ АЗАЙТУ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДА ОҚЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ПАЙДАЛАНУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.115.2.017Түйінді сөздер:
жасанды интеллект, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар, SBAS, CABRI, бейімделген оқыту, цифрлық педагогика, модельдеу, студенттер, қауіпсіздікАннотация
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың артуы жағдайында жастарды қауіп жағдайында әрекет етуге дайындау - білім берудің басым міндеттерінің бірі болып отыр. Осы зерттеудің мақсаты - студенттердің азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларға ден қою бойынша білімін, білігін және психологиялық дайындығын қалыптастыруда жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының әлеуетін бағалау.Эмпирикалық зерттеу 2024–2025 оқу жылында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде (Талдықорған қаласы, Қазақстан) жүргізіліп, педагогика, ақпараттық технологиялар және жаратылыстану бағыттары бойынша оқитын 2-3 курс студенттерінен құралған 124 қатысушыны қамтыды. Эксперимент аясында екі ЖИ құралдары сынақтан өткізілді: сценарийлерге негізделген бейімделген модельдеу жүйесі (SBAS) және табиғи тіл өңдеуге негізделген тәуекелдерді оқытуға арналған диалогтік платформа (CABRI) чат-боттар арқылы. Нәтижелер көрсеткендей, SBAS және CABRI жүйелері қолданылған эксперименттік топтың студенттері барлық негізгі көрсеткіштер бойынша бақылау тобынан жоғары нәтиже көрсетті: протоколдарды білу, шешім қабылдаудағы дәлдік пен жылдамдық, стратегиялық ойлау, кәсіби терминологияны қолдану, күйзеліске төзімділік және жаңа жағдайларға білімді бейімдеу қабілеті. Қолданылған бағалау көрсеткіші - Білімді Игеру Тиімділігі Индексі (KGEI) – ЖИ платформаларымен өзара әрекет уақыты есебінде білім жетістігінің өсуін объективті бағалауға мүмкіндік берді. Эксперименттік және бақылау топтарының нәтижелеріндегі айырмашылық статистикалық тұрғыдан мәнді (p<0,05) болды. Алынған нәтижелер азаматтық қорғаныс саласындағы білім беру процесіне жасанды интеллектіні интеграциялаудың жоғары тиімділігін дәлелдеді. Зерттеу нәтижесінде білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына және білім беру саласындағы мемлекеттік органдарға арналған практикалық ұсынымдар әзірленді. Қорытындылар Қазақстан және басқа елдердегі университеттерде қауіпсіздікке бағытталған цифрлық технологияларды ауқымды енгізу үшін пайдаланылуы мүмкін.
ҚАЗ
РУС
ENG