БИОЛОГИЯНЫ CLIL ӘДІСІМЕН ОҚЫТУДАҒЫ ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Авторлар

  • Анарбекова Гульшат Джумабаевна Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0001-9424-2913
  • Саламат Нұрсезім Өмірбекқызы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0009-0008-0106-8572
  • Даулетбаева Маржанкуль Мырзахметовна Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-0939-1613
  • Раимбекова Бактыгуль Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0001-6867-4018
  • Маматаева Айгүл Тұмайқызы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан Республикасы, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-6758-2768

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.115.2.004

Түйінді сөздер:

CLIL, формативті бағалау, биология, ағылшын тілі, білім сапасы, оқушы жетістігі, кері байланыс, критерийлік бағалау

Аннотация

Мақалада CLIL (Content and Language Integrated Learning) әдісі арқылы биология пәнін ағылшын тілінде оқыту кезінде қолданылатын формативті бағалаудың маңыздылығы мен тиімділігі қарастырылады. Зерттеу барысында формативті бағалаудың әртүрлі түрлерінің (мысалы, критерийлер бойынша кері байланыс, өзін-өзі бағалау, топтық жұмыс бағалау) оқушылардың білім деңгейі мен тілдік дағдыларын арттырудағы рөлі талданады. CLIL әдісінде мазмұн мен тілді біріктіре оқытудың артықшылықтары ашылып, биология сабақтарында ағылшын тілін меңгеруге ықпал ететін формативті бағалау әдістері ұсынылады. Зерттеу нәтижелері бойынша, үздіксіз кері байланыс пен диагностикалық бағалау оқушылардың әлсіз жақтарын дер кезінде анықтауға және оқу үдерісін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тәсіл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады. Мақалада CLIL-технологиясын қолданудың тиімді үлгілері келтірілген. Осындай бағалау жүйесінің білім сапасын арттырудағы және оқушы жетістігін қамтамасыз етудегі рөлі дәлелденеді.

Жүктеулер

Жарияланды

26.06.2025