ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.115.2.020Түйінді сөздер:
Ойын, ойын технологиясы, мотивация, «Альфа» ұрпақты оқыту, дағды, математиканы оқыту, интерактивті оқытуАннотация
Қазіргі білім беру жүйесінде ойын технологияларын қолданудың маңызы артқан сайын, бұл әдістерді «Альфа» ұрпақтарының қажеттіліктеріне сай тиімділігін зерттеу өзекті мәселеге айналып отыр. Заманауи білім беру стандартына сәйкес инновациялық әдістерді енгізу, білім алушылардың логикалық және аналитикалық қабілеттерін дамытады. Ойын технологиялары білім алушылардың оқу мотивациясын арттыруға, оқу үдерісін қызықты етуге ықпал етеді. Мақалада 5-сынып математика пәнінен «Натурал сандар және нөл саны» тарауында ойын технологияларын қолданып оқытудың білім алушылардың үлгеріміне әсері қарастырылды. Мақалада Genially платформасында құралған «Миллион кімге бұйырады», «Кім жылдам» ойындары және монополия тақтасында құралған «Mathopoly», «Математикалық монополия» ойындарынан мысалдар көрсетілген. Зерттеу төңірегінде алынған нәтижелер «Альфа» ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандырудағы ерекше рөлін айқындады.
ҚАЗ
РУС
ENG