БАЙЫТЫЛҒАН ҚАНТ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

  • Кемелбекұлы Айдынбек І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ https://orcid.org/0009-0001-5380-4294
  • Өксікбаев Берікжан Қылышбекұлы І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті https://orcid.org/0000-0002-1037-1855

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.115.2.019

Түйінді сөздер:

Байытылған қант, технология, зерттеушілік құзыреттілік, білім алушы, практикалық оқыту., тағам өндірісі, педагогикалық интеграция, құзыреттілік модельдері

Аннотация

Бұл шолулық мақала байытылған қант өндіру технологиясына және оны оқу процесіне енгізу арқылы білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру жолдарына бағытталған. Байытылған қант – құрамында дәрумендер, микроэлементтер және басқа биологиялық белсенді заттар бар тағам өнімі ретінде, халық денсаулығын жақсартуға және функционалдық тағам нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл технологияның өндірістік тиімділігімен қатар, оқу-танымдық үдерісте пайдалану әлеуеті де зор. Білім беру тұрғысынан алғанда, нақты өндірістік технологияларды оқу мазмұнына енгізу білім алушылардың ғылыми ойлау қабілетін, дербестігін, талдау және интерпретация жасау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Зерттеулерде кездесетін әдістемелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары, олардың артықшылықтары мен шектеулері салыстырмалы түрде талданды. Сонымен қатар, технология мен педагогика арасындағы өзара байланысты жүзеге асырудың нақты жолдары мен тәжірибелік модельдерге сипаттама берілді. Зерттеушілік құзыреттілік ұғымы білім алушылардың ғылыми әрекетке бейімділігін қалыптастырудың теориялық негізінде талданды. Шолу нәтижелері байытылған қант өндірудің оқу процесіне енгізілуі студенттердің зерттеушілік белсенділігін арттырып, олардың кәсіби-құзыреттілік деңгейін көтереді деген болжам жасауға негіз болады. Сонымен қатар, бұл бағытта ғылыми модельдер мен құзыреттілікті бағалау әдістерінің толық қалыптаспағаны да айқындалды. Аталған зерттеу білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтіп, практикалық оқытудың мазмұнын байытуға өз үлесін қоса алады.

Биография автора

Өксікбаев Берікжан Қылышбекұлы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті

Өксікбаев Берікжан Қылышбекұлы
Биология ғылымдарының кандидаты
Жаратылыстану пәндері кафедрасының меңгерушісі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті

Жүктеулер

Жарияланды

26.06.2025