БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ МОТИВАЦИЯСЫ МЕН ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ӘСЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.115.2.011Түйінді сөздер:
жасанды интеллект, мотивация, эмоционалдық жағдай, жоғары математикаАннотация
Бұл зерттеудің мақсаты – жоғары оқу орындарындағы математикалық пәндерді оқытуда жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдаланудың білімгерлердің мотивациясы мен эмоционалдық жағдайына әсерін тереңірек түсіну. Зерттеудің негізгі идеясы ЖИ-ді оқыту процесіне интеграциялау білімгерлердің оқуға деген қызығушылығын арттырып, өзіне деген сенімділігін нығайтуы мүмкін деген болжамға негізделген. Зерттеудің негізгі бағыттары ЖИ-дің білімгерлердің мотивациясына, эмоционалдық күйіне, ЖИ-ге деген көзқарасына және ЖИ-дің оқыту процесіндегі рөліне әсерін анықтауға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми маңыздылығы ЖИ-дің білім берудегі рөлі туралы ғылыми білімді толықтыруға, ал практикалық маңыздылығы ЖИ құралдарын тиімді қолдану арқылы білімгерлердің оқу үрдісін жақсартуға бағытталған. Зерттеу нәтижелері оқытушыларға, білім беру саясатын жасаушыларға және ЖИ құралдарын әзірлеушілерге пайдалы болуы мүмкін. Зерттеу әдістемесі аралас әдістерді қолдануға негізделген. Деректер жинау үшін сауалнама, бақылау және сұхбат әдістері пайдаланылды. Сауалнама білімгерлердің ЖИ-ге деген көзқарасын, мотивация деңгейін және эмоционалдық жағдайын бағалау үшін қолданылды. Бақылау сабақтарда ЖИ құралдарын пайдалану кезінде білімгерлердің мінез-құлқын және реакцияларын анықтау үшін жүргізілді. Сұхбат білімгерлермен ЖИ-дің олардың оқу тәжірибесіне әсері туралы тереңірек түсінік алу үшін ұйымдастырылды. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері ЖИ-ді қолдану білімгерлердің оқуға деген қызығушылығын арттырып, өзіне деген сенімділігін нығайтатынын көрсетті. Дегенмен, ЖИ-ге тәуелділік және адами байланыстың жетіспеушілігі сияқты жағымсыз әсерлер де анықталды. Зерттеу қорытындылары ЖИ-ді білім беру процесіне енгізу кезінде білімгерлердің адами байланысқа деген қажеттіліктерін ескеру және ЖИ-ге тәуелділіктің алдын алу маңызды екенін көрсетеді. Жүргізілген зерттеудің мәні ЖИ құралдарын білім беруде тиімді пайдаланудың мүмкіндіктерін ашу және ЖИ-дің білімгерлердің оқу үрдісіне әсерін толыққанды бағалау болып табылады. Зерттеудің практикалық маңызы ЖИ-ді қолдану арқылы оқыту әдістерін жетілдіруге, білімгерлердің мотивациясын арттыруға және олардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға бағытталған. Зерттеу нәтижелері ЖИ-ді білім беру жүйесіне енгізу бойынша нақты ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.
ҚАЗ
РУС
ENG