БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.114.1.009

Түйінді сөздер:

білімді бақылау әдістері, заманауи әдістер, биология пәні, инновациялық оқыту технологиялары

Аннотация

Оқушылардың білімін тиімді бақылау әдістерін қолдану академиялық прогресті бақылау мен білім берудегі мәселелерді тауып, дамытудың құралы болып табылады. Жазбаша тесттер, емтихандар мен ауызша тексеру сияқты дәстүрлі бақылау әдістері оқушылардың білімін бақылауда әлі де өзектілікке ие. Дегенмен бүгінгі білім беруді бақылау оқушының тек теориялық білімді игергенін ғана емес, сонымен қатар қандай дағдыларды қалыптастырғанын бақылауды көздейді. Заманауи әдістерді қолдану білім алушылардың белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Пәннің ерекшеліктері мен оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу арқылы педагог тарапынан жүргізілетін бақылау заманауи бақылаудың мәнін көрсетеді. Мақалада биология пәнін оқытуда білім алушылардың білімін бақылаудың мәні, түрлері мен кейбір заманауи бақылау әдістерін қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы салыстырмалы мәліметтер берілген. Жаратылыстану пәндері қатарындағы биологияны оқытуда оқушылардың жетістіктерін бақылаудың заманауи әдістері мен ерекшеліктерін анықтауда әдебиет көздеріне талдау жүргізілді. Биология пәні бойынша білім алушылардың білім мен дағдыларына бақылау жүргізу әдістері практикалық және теориялық компоненттерді бірге қарастырады. Бақылау әдістері теориялық білімді бақылаумен ғана шектелмей, практикалық дағдылардың қалыптасуын анықтауға да бағытталады. Осы мақсатта жобалық бақылау, зертханалық жұмыс арқылы бақылау мен кейс әдісі сияқты бірқатар әдістерді қолдану арқылы оқушы бойында креативтілік, сыни ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады. Заманауи білім беру үрдісін технологияларсыз елестету мүмкін емес. Биология пәні бойынша автоматтандырылған технологияларды қолдану уақыт ресурсын қысқартып педагогикалық жүктемені азайтатынын көрсетті. Технологиялар, платформалар білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сай бейімделуі қазіргі заман талабына сай білім беру міндеттерін қанағаттандыра алады. Дәстүрлі және  заманауи әдістердің интеграциясы оқушылардың білімін бақылау арқылы академиялық жетістіктерді бақылау арқылы дұрыс бағалауға жол ашады.

Жүктеулер

Жарияланды

28.03.2025