5-СЫНЫПТА «ӨЗАРА КЕРІ САНДАР» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУДА ГЕЙМИФИКАЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.114.1.012

Түйінді сөздер:

Өзара кері сандар, геймификация, жасанды интеллект

Аннотация

Бұл жұмыста 5-сыныптың математика сабағында «Өзара кері сандар» тақырыбын оқытуда геймификация элементтерін қолданып оқытудың маңыздылығы қарастырылған. Зерттеуге Алматы қаласындағы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінің 5-сынып оқушылары қатысқан. Оқушылардан математика пәнінен білім деңгейін анықтайтын pre-test (алдын ала тест) және post-test (кейінгі тест) алынып, олардың орта мәні есептеліп, сауалнама алынып, оның нәтижелері талданды. Зерттеу жұмысында 5-сынып оқушыларына математика пәнінен «Өзара кері сандар» тақырыбын оқытуда геймификация элементтерін, оның ішінді әртүрлі платформалар қолданылып, сонымен қатар, жасанды интеллектті  пайдалану мүмкіндіктері қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде геймификацияға негізделген оқыту әдісінің оқушылардың білім сапасының артуына оң  ықпалы ететіндігін байқаймыз. Бұл зерттеу геймификацияның оқу процесіне ықпалын терең талдауды мақсат етпесе де, оның тәжірибелік қолданылу ерекшеліктерін көрсету арқылы болашақта тиімді оқыту әдістерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

28.03.2025