ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.114.1.004Түйінді сөздер:
экологиялық мәдениет, бастауыш мектеп, үйірме жұмысы, экологиялық білім, табиғатАннотация
Бұл зерттеу жұмысы бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған. Үйірме жұмыстарының экологиялық білім берудегі маңызы ерекше, себебі олар оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәселелерге жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Зерттеу барысында экологиялық мәдениеттің негіздері, оның компоненттері, сондай-ақ бастауыш мектепте үйірме жұмыстары арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру жолдары қарастырылады. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін интерактивті әдістер, жобалық жұмыстар, табиғатпен танысу экскурсиялары және экологиялық акциялар ұйымдастыру ұсынылады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, экологиялық мәдениетті қалыптастыру оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, олардың экологиялық сауаттылығын арттырады. Бұл өз кезегінде, болашақ ұрпақтың экологиялық мәселелерге жауапкершілігін арттырып, тұрақты даму принциптерін ұстануына ықпал етеді. Экологиялық мәдениетті қалыптасытруға жету үшін экологиялық білім беру, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру, экологиялық проблемаларды шешуге қатысу сияқты негізгі бағыттар анықталған. Зерттеу экологиялық мәдениетті қалыптастырудың ғылыми негіздерін анықтап, практикалық әдістерді ұсынады. Оқушылардың экологиялық білімін арттыру арқылы қоғамдағы экологиялық мәселелерді шешуге үлес қосуға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында сауалнама, бақылау және талдау әдістері қолданылды. Оқушылардың экологиялық мәдениетін бағалау үшін арнайы тесттер мен анкеталар әзірлеуге болады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, экологиялық білім беру бағдарламалары оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыруда тиімді. Оқушылардың экологиялық мәселелерге деген көзқарастары мен қатысу деңгейі айтарлықтай жақсарды. Зерттеу экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын және оның қоғамдағы экологиялық проблемаларды шешудегі рөлін көрсетеді. Оқушылардың экологиялық мәдениеті – болашақ ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырудың негізі. Зерттеу нәтижелері мектептерде экологиялық білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, экологиялық клубтар мен үйірмелердің жұмысын ұйымдастыруға, оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстарды қамтиды.