«МУЗЕЙ КЕҢІСТІГІ» НЕГІЗІНДЕ САБАҚТЫ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ «ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ» ҚОЛДАНУ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.114.1.013

Түйінді сөздер:

музей, білім беру, геоақпарттық , сабақ, визуалды бейне

Аннотация

Мақалада музей кеңістігі негізінде білім беру үдерісін жетілдіру үшін геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ) қолдану мәселелері қарастырылады. ГАЖ арқылы музейлердегі экспозицияларды сандық форматқа көшіру, музей объектілерінің географиялық орналасуын анықтау, тарихи-мәдени объектілерді интерактивті картада көрсету мүмкіндігі қарастырылады. Зерттеу барысында оқушылардың музей объектілерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, тарихи және мәдени құндылықтарды терең түсіну, зерттеу және шығармашылық дағдыларын дамытуға назар аударылады. Музей кеңістігінде өткізілетін сабақтарда ГАЖ қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, пәндер арасындағы байланыстарды күшейту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға деген қызығушылықтарын арттыру көзделеді. Зерттеу нәтижелері музей кеңістігінде ГАЖ қолданудың тиімділігін көрсетеді және осы әдістің болашағы зор екенін дәлелдейді.

Жүктеулер

Жарияланды

28.03.2025