ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.53355/ZHU.2025.114.1.010

Түйінді сөздер:

Ертегі, тәрбиелік маңызы, адамгершілік, құндылықтар, мүмкіндіктер, бастауыш сыныптар, оқушылар

Аннотация

Бұл мақалада қазақ халқының ертегілері арқылы оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Ертегілер арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру мәселелерін зерттеушілер еңбектерін талдау негізінде ертегілердің мейірімділік, адалдық, әділеттілік, батырлық секілді ізгі қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тәрбиелік құрал ретіндегі маңызды рөлі көрсетілген. Халық ертегілер кейіпкерлерінің батырлық пен жауапкершілік, ақылдылық пен әділдік, тапқырлық пен табандылық, сондай-ақ еңбекқорлық пен қарапайымдылық қасиеттері негізінде балаларға тәрбие беру мүмкіндіктері түсіндірілген. Сонымен қатар, ертегілердің балалардың қиялын ұштау, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, эмоциялық интеллектін нығайту және әлеуметтік қарым-қатынастарды жақсарту сияқты тәрбиелік функциялары талданған. Мақаланың мақсаты – халық ертегілерінің балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі мүмкіндіктерін көрсету. Ертегілердің тәрбиелік әлеуетін тек қана әдеби қырынан емес, психологиялық және әлеуметтік аспектілер тұрғысынан зерделенген.

Жүктеулер

Жарияланды

28.03.2025